Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға аяз келе жатыр

Қазақстанға аяз келе жатыр

Қазақстанға қысқа мерзімді жылынудан кейін суық келеді. Күздің соңғы айының басы қысқа ұқсас болады. Бұл туралы "Қазгидрометтің" инженер-синоптигі Айнұр Қайыңбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Өткен демалыс күндері жауын-шашынға қарамастан ауа райы жылы болды. Температура оңтүстік-шығыс пен шығыста 14 градусқа дейін жылынды. Алайда Ресейдің орталық аудандарынан жылжыған циклон және онымен байланысты атомосфералық фронттар қазірдің өзінде Қазақстанның солтүстік облыстарына жауын-шашын әкелді", — деді Қайыңбаева.
Оның айтуынша, алдағы уақытта суық фронттардың әсерінен қар жауып, боран соғады, көктайғақ болады, батыс және солтүстік-батыста қатты жел соғады.
"Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста қарға ұласатын жаңбыр жауады, таулы және тау бөктері аудандарында 31 қазанда және 1 қарашада жауын-шашын қатты жауады, сондай-ақ Қазақстанның барлық аумағында күн суытады", — деп толықтырды синоптик. 
Астанада 30 қазанда көшпелі бұл шығып, жауын-шашын түседі, қар жаууы мүмкін, күндіз көктайғақ болады, оңтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. 31 қазанда көшпелі бұлт шығып, түнде қар жауып, бұрқасын болады, солтүстік батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түнде 5-7, күндіз 2-4 градус аяз болады. 1 қарашада көшпелі бұлт шығып, таңертең және күндіз қар жауады, бұрқасындатады, батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді. Түнде 7-9, күндіз 1-3 градус аяз болады.
sputniknews.kz
30 қазан 2018 ж. 1 603 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 76

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930