Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Арманым іске асты

Арманым іске асты

«Zhas project» пилоттық жобасы еліміздің бес өңірінде, соның ішінде, біздің аймақта – Қызылорда облысында қанат қақты. Оған 19 бен 29 жас аралығындағы жас қатысып, өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды. Жоба негізінен ауылдық аймақтардағы әлеуметтік аз қамтылған, екі қолына бір күрек таба алмай жүрген жастарды қолдауға бағытталған.
Жоба әлеуметтік бағытта болуы тиіс және де қайтарымсыз 1 миллион теңге грант, сонымен қатар 6 ай бойына әрбір қатысушы колледж түлегіне 40 000 теңге, жоғары оқу орнының түлегіне 60 000 теңге көлемінде шәкіртақы төленеді. Иә, бұл біз секілді оқу бітіріп алып жұмыссыз жүрген жастар үшін таптырмас мүмкіндік. Жоба туралы естігенде-ақ тобымызбен өзіміздің «Шексіз компьютер» әлеуметтік жобамызды ұсындық. Нәтижесі қалай болар екен деп тағатсыздана күттік. 3 кезеңдік іріктеуден өтті, жобаңыз 1 миллион теңге көлемінде грантты алды деп хабарлама келгенде төбеміз көкке жеткендей болды. Тобымызда Әсемкүл Егеубай Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих факультетінің қызыл диплом иегері, Алтынбек Егеубай орта білімді, жұмыссыз жүрген жас. Біз үшін бұл жобаның маңызы өте зор.
«Шексіз компьютер» жобасы арқылы біз 3 компьютер алып, Кәукей ауылындағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен көп балалы, аз қамтылған отбасы балаларына тегін компьютерлік қызметтер көрсетеміз. Сондай-ақ нысаналы топқа, зейнеткерлерге аптасына 3 рет тегін компьютерлік оқу курсын ұйымдастырамыз. Нысаналы топқа және еріктілерге арнайы мамандармен жүргізілетін ай сайын семинарлар жүргіземіз. Біз 6 ай бойы ғана шектеліп қалмай әрі қарай да нысаналы топқа ақысыз қызмет көрсету арқылы жеке кәсібімізді бастаймыз деген ойдамыз. Бізге осындай мүмкіндік берген Жастар корпусы дамыту жобасы үйлестіру агенттігіне алғысымыз шексіз. Алла бұйыртса, алдағы уақытта да мұндай жобалардың қатарынан көрінеміз деген ойдамыз. Біз жоба барысында сауаттылығымызды одан ары дамыттық. Жобаны жоспарлауды, басқаруды меңгерудеміз, сондай-ақ әлеуметтік осал топпен қарым-қатынас жасауды арнайы менторлар үйретті. Өзіміздің жобамызды дайындау барысында көптеген азаматпен кездесіп ой-өрісімізді дамыттық. «Zhas project» тек кәсіп ашу ғана емес, белгілі бір қоғамнан өз орнымызды тауып, тұлға болып қалыптасуға дайындайтын үлкен мектеп десек те болады. Болашақтан күтеріміз көп. Ал, әзірге Кәукей ауылында жобамызды іске асыруға кірісіп те кеттік.

Алтынай ЕГЕУБАЙ,
«Шексіз компьютер» әлеуметтік жобасының көшбасшысы
09 қазан 2018 ж. 1 491 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 69

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 72

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 56

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930