Отбасылық спорттық сайыс

«Zhas project»жобасы биылғы жылы елімізде екінші мәрте ұйымдастырылып отыр. Өткен жылы 5 облыс қамтылса,биыл 6шы облыс болып Қызылорда қаласы қатыстырылды.
Осы айтулы жобаның 1 млн иелері Қызылорда облысы ,Қазалы ауданы ,Жалаңтөс батыр ауылының жастарынан құрылған «Руханият ойын-сауық және қайырымдылық орталығы қазіргі таңда түрлі әлеуметтік іс-шаралар жүргізуде. Оның бір дәлелі кеше ғана Халықаралық деңгейде атап өтілген отбасылар күні мерекесіне орай «Әкем,анам және мен» тақырыбында отбасылық спорттық сайыс өткізілді.
Арнайы шақырылған ардагер ұстаздар әділқазылық жасап,әлеуметтік топтағы балалар көрерменденр қатарынан табылды.
Әлібаевтар,Тотановтар,Асылбековтар және Меңділдаевтар отбасы 5 кезең бойынша сынға түсіп шыңдалды. Бір-бірінен оза шапқан отбасылар теңдей ойын көрсетіп, «Шымыр отбасы», «Белсенді отбасы», «Ұйымшыл отбасы» және «Жүйрік отбасы» номинацияларымен және сыйлықтармен марапатталды.
Барша Қазақ елінің отбасыларына береке-бірлік,ауызбіршілік тілейміз!
Жанат Ержігітова,
«Руханият» орталығының жетекшісі.