Жылына көп қоқыс жиналатын қалалар анықталды
Сарапшылардың мәліметінше, Алматы, Түркістан, Қостанай облыстары және Алматы қаласымен бірге Астана қаласында да жылына ең көп қоқыс жиналады. Бүгінде еліміз бойынша 100 млн қатты қоқыс түрі жиналып қалған. Сарапшылардың сөзінше, Алматы, Түркістан, Қостанай облыстары және Алматы қаласымен бірге Астана қаласында да жылына ең көп қоқыс жиналады. Оның басты себебі қаланың қарқынды дамуынан, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қазақстанда қалдықтарды сұрыптайтын және өңдейтін және 20-дан астам өнім түрлерін шығаратын 130-дан астам кәсіпорын жұмыс істейді. 40-тан астам елді мекенде қалдықтарды бөлектеп жинау, ал 19 елді мекенде сұрыптау енгізілген. Әкімдіктер мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өзара іс-қимыл мысалы ретінде Солтүстік Қазақстан облысындағы қайталама полимердің тұрмыстық бұйымдарды қайта өңдеу және өндіру бойынша "Радуга" кәсіпорны, Қостанай облысындағы "Фабрика нетканых материалов", Шымкент қаласындағы "HILL Corporation" ЖСШ-і және Астана қаласындағы KazRecycleService қоқысты сұрыптау заводын айтуға болады. Бірақ қоқысты өндеудің сатысы жоғары емес. Мамандардың айтуынша, оған қатты қоқыстың құрамы себеп.
"KazWaste" қалдықтар өңдеу жөніндегі қауымдастықтың басқарма төрағасы Шынболат Байқұлов қоқысты қайта өңдеудің пайыздық көрсеткіші 70%-ға дейін жетуі мүмкін екенін атап өтті.
"Қазір біз барлық қоқысты бір контейнерге тастап жатырмыз. Мысалы, қайта өңдеуге жарамды пластик, қағаз, аллюминий банкалары, картон барлығы тұрмыстық қалдықпен аралас. Ол қоқыс бірнеше күн контейнерде жатып аралас былығып кеткен күйде зауытқа келеді де, өңдеу қиынға түсуде. Сол себепті де жауапты органдар және біз Астанадағыдай қоқысты сұрыптап жинауды енгізуді қолға алып жатырмыз, яғни қайта өңдеуге болатын барлық затты сары контейнерге салу. Ол дегеніміз макулатура, қораптар, пластик және қағаз және бұларды тұрмыстық қалдықтармен араластырмау. Осылай жасасақ, қоқысты қайта өңдеудің пайыздық көрсеткіші 70%-ға дейін жетуі мүмкін", - деді Шынболат Байқұлов.
Оның берген мәліметіне сәйкес, бұл зауытта әлемнің жетекші өндірушілерінің жабдықтары орнатылған, сондықтан мұндағы сұрыптау тереңдігі 15%-ға дейін жетеді. Энергетика вице-министрі Нұрлыбай Сәбит ҚТҚ жинаудағы тағы бір табысты жобаны атап өтті.
"Astana clean time" компаниясы қайталама шикізатты қабылдау бойынша эко-дүңгіршектер орнатуда. Қала тұрғындары бұл жерге 11 шикізат түрін тапсыра алады, оның ішінде макулатура, полиэтилен, стрейч-пленка, ПЭТ-шөлмектер, шыны бөтелке, құтылар, тұрмыстық техника қалдықтары, алюминий банкалар.
bnews.kz