Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ою ойғанның ойы ұшқыр

Ою ойғанның ойы ұшқыр

Өткен ғасырдағы бабалар өнерін зерттеуші ғалымдар: «Қазақ өрнек әлемінде өмір сүретін тәрізді, оларда қоршаған орта ерекше әшекей мен ою-өрнек әлемімен жырланған. Үй-мүлкі, ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киім-кешек көпке сүйікті ою-өрнекпен көмкерілген» деп айрықша атап көрсеткен. Бұл үрдіс жойылып кетпесе де ұмытылуға сәл қалған еді. Бүгінде оны қайта жаңғыртып, ұрпаққа мирас етіп жүргендер қатары көбеюде. Сондай жанның бірі – Бозкөл ауылындағы Қ.Ерімбет атындағы №96 мектебінің технология пәні мұғалімі Бейбіт Әбдіраман. Осы күні ол жас өскіндердің білімін жетілдіру мақсатында ою-өрнек түрлеріне сипаттама беріп, шаршы оюын қиюға, суретке қарап өрнек шығаруға үйретіп жүр. Қиялдарына қанат бітіріп, ою-өрнек түрлерін ойластыруына әсер ету жолында үлес қосуда.
Бейбіт Әбдіраманның айтуынша, халықтың қолөнері, соның ішінде ою-өрнек салу қазақ жерінде өмір сүрген, ертедегі мал шаруашылығымен шұғылданған көшпелі рулар: сақтар, үйсіндер, ғұндар мәдениетінің негізінде қалыптасты. Ою-өрнек халықтың көркемдік ойлауын, дүниетанымын паш етеді. Мамандар әзірше ою-өрнектің 200-дей түрін анықтап отыр екен.
«Халқымыздың ою-өрнек атауларын не нәрсеге ұқсастығына, мән-мағынасына қарай бірнеше топтарға жіктеген. Атап айтқанда: жан-жануарлар мен құстарға және өсімдіктерге, сондай-ақ, жер, суға байланысты оюлар ойған. Сонымен бірге, геометриялық пішін тәріздес ою-өрнектер де болған. Қазақтар жануарлар әлеміне ерекше көңіл бөлген, сондықтан да болар, әрбір жануардың дене бітіміне, жеке бөлшектеріне ұқсатып, асқан шеберлікпен ою-өрнек құрастырған», – деген ойын жеткізді Б.Әбдіраман.
Он саусағынан өнер тамған ұлағатты ұстаз ертеден мұра болып келе жатқан құрақ құрау өнерін ғылыми деңгейде заман талабына сай дамытуды да қолға алған. Құрақ құрау шеберлігін математика, тарих, сызу мен бейнелеу сабақтарымен ұштастырып, баланы ұқыптылыққа баулуда. Сонымен қатар, жіппен сурет салу техникасымен гобелен жасауда да алдына жан салмайды. Бисерлі моншақтан түрлі гүлдер дайындайды, ұлттық нақышта қоржын тігеді, текеметке ою басады.
«Мал жұтаса да, өнер жұтамас» деген. Бейбіт Дулатқызы Ақтөбедегі А.Жұбанов атындағы педагогикалық университетін еңбек және бизнес негіздері бойынша бітірген. Талапты жас білімін жетілдіру мақсатында Қызылордадағы Қарауылтөбе ауылында 2 жыл оқып, тігінші мамандығын алып шыққан. Бар өмірінің 21 жылын оқушыларға арнап, оларға іс үйретуден жалыққан емес. Соның арқасында биік белестерді бағындырып, шәкірттерімен біршама жетістіктерге жеткен. Еңбегі еленіп әр жылдары «Нұр Отан» партиясының «Құрмет грамотасы», аудан, ауыл әкімінің Алғыс хаттары және мектепішілік мадақтамалармен марапатталған. Оқушылары – Ш.Шаттық, Г.Мамырбаева, Ж.Жолмырзаева, А.Ақмарал, Н.Қалила және тағы басқалары республикалық және аудандық шығармашылық байқауларында жүлделі орындарды жеңіп алды. Өнерлі ұстаз мұнымен тоқталмақ емес, әр сабағына жаңашыл идея енгізіп, ізденуді жалғастыра бермек.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА


25 қыркүйек 2018 ж. 3 667 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930