Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында сенбілік өтті

Қазалы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында сенбілік өткізілді.
Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар, көше тұрғындары қатысып, қоршаған ортаның тазалығына өз үлестерін қосты.
Аудан әкімі Алмасбек Есмаханов салаға жауапты орынбасарымен бірге сенбілік аясындағы жұмыстарды аралап көріп, жиналған қоқыс қалдықтарды уақытылы шығару, санитарлық тазалықты жүйелі жүргізу, көше бойындағы қураған шөптер мен жапырақтарды жинап арнайы орындарға шығару жөнінде нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ортақ іске белсене атсалысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.
Аудан орталығында ұйымдастырылған сенбілік жұмыстарына аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш пен аудандық мәслихат депутаттары да белсенді атсалысып, кенттің сырт аумағындағы «Қазақ қорымы» аймағына арнайы техникалардың көмегімен тазалық жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік барысында жиналған 6 тоннадан астам арнайы қалдықтар техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.
Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған сенбілік алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылып, аудан аумағын абаттандыру жұмыстары жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, сенбілік тек Әйтеке би кентінде ғана емес, барлық ауылдық округтерде де жалғасты.
30 қараша 2025 ж. 277 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031