Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жазылған жайға орай

Жазылған жайға орай

Редакциядан: «Қазалы» газетінің 2018 жылғы 30 тамыздағы №65 санды нөмеріне шыққан Сәдуақас Жұбатовтың «Интернеті жоқ ауыл» тақырыбындағы мақаласына Сарбұлақ ауылдық округі әкімі жауап жазды. Соны назарларыңызға ұсынамыз.

Сарбұлақ ауылдық округінде 489 тұрғын, 81 жеке тұрғын үй бар. Ауылдық округі тұрғындарына ғаламтор желісі мен ұялы байланыс көптен бері шешімін табылмай келе жатқан мәселе екендігі белгілі. Ұялы байланыс сигналымен қамтамасыз ететін бірнеше компанияларға «Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан бірнеше рет хаттар жолданып тиісті жауаптары алынған. «Сарбұлақ ауылдық округі әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 2014 жылы 3 маусымда №82 санды «Кселл» акционерлік қоғамына ауылдық округке ұялы байланыс қажет екендігі көрсетіліп хат жолданып, 2014 жылдың 5 маусымында №5636/24010 санды хатымен компания тарапынан ұялы байланыс сигналын тек 1000 адамнан астам халқы бар елді мекендерді қамтитын желілерді құратындығын, Сарбұлақ ауылдық округі бойынша халық санының 1000 адамға жетпейтіндігі көрсетілген жауабы алынды. Сонымен қатар 2018 жылдың 29 қаңтарында №12 санды «Кселл» акционерлік қоғамына ауылдық округке ұялы байланыс сигналымен және ғаламтор желісімен қамтуды сұрап хат жолданды. Осы мәселені шешу үшін компания мамандары мекен-жай бойынша техникалық мүмкіндіктерді талдап, сигнал деңгейіне тексеру жүргізіп, тексеру нәтижелері бойынша интернет сапасын жақсарту үшін базалық станция орнату қажет екендігі анықталғандығын, өкінішке қарай 2018 жылға базалық станция жабдықтары орнату жоспарланбағандығын алдағы уақытта мүмкіндіктер болған жағдайда ұялы байланыс және интернет желісімен қамтамасыз ететіндіктерін көрсетті. Ұялы байланыс және ғаламтор желісімен қамтамасыз ету мақсатында алдағы уақытта да ауылдық округі әкімшілігі тарапынан жұмыстар жүргізілетін болады.
Алмат ҚЫЛЫШБАЕВ,
Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі
14 қыркүйек 2018 ж. 2 383 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930