Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жылқы мінез

Жылқы мінез

Сібір шебінің әскери бастығы генерал-майор Веймарн Сыртқы істер коллегиясына жолдаған құпия баяндамасында: "Қазақты тыныштандырып жуасыту үшін қуат қоры – жылқысынан айыру керек" десе, ХХ ғасырдың басында Зайсан өңірінде қызметте болған казак атаманы Рябушкин: "Қазақ атқа мінсе ерленіп кетеді, ешкімге бағынбайды. Бұларды бағынышты ұстау үшін жылқыдан айыру керек", – депті. (дерек Бекен Қайратұлынан)
Бұл армандарына 1930 жылдары қу жақтың заманынан бастап жете бастады. Қазақ даласында еркін көсілген 5-6 миллион жылқылардан 1940 жылдың басына қарай 1 миллионға жетер жетпесі ғана қалыпты. Бұлардың жартысынан көп пайызын екінші дүниежүзілік соғысқа тағы алып кетті. Осылай қазақтың жылқысына зауал келген еді, жылқысынан түсіп қара жаяуланған қазақ көнбіске айналған еді.
Бірақ, қазақ пен жылқы егіз ұғым. Сыңарымыздан айырылып рухымыз әлсіреп қалғанмен біздің өрлігіміз, асқақтығымыз, азаттығымыз жылқыны көргеннен өзінен өзі бас көтере береді. Жүрегіміздің төріне жасырғанбыз себебі. Ұлттық кодты ешкім, ешқашан жоя алмақ емес...
12 қыркүйек 2018 ж. 1 851 0

Үш облыста жол ашылды

10 наурыз 2026 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031