Күз айына жұлдыз жорамал: Қыркүйекте сізді не күтіп тұр?
Кыркүйек барлық жұлдыздар үшін үлкен өзгерістер мен жаңалықтарға толы болуы мүмкін. Алдағы айда сізді не күтіп тұрғанын NUR.KZ порталынан оқысаңыз болады.
Тоқты
Тоқтылар қайда болса, келісім де сонда... Дегенмен айдың алғашқы апталарында ұрыс-керіс пен кикілжіңнен аулақ болғаныңыз дұрыс. Әйтпесе кішкентай ғана ұрыстың өзі, үлкен мәселелерге айналады.
Тіпті жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Ал жалпы ай бойы өзіңіз дұрыс деп тапқан іспен шұғылданыңыз. Сүйікті жұмысыңызға неғұрлым көп көңіл бөлсеңіз, соғұрлым сәтті нәтижелерге қол жеткізесіз. Сонымен қатар, өзіңіз жақтырмайтын адамдармен кездесуден аулақ болыңыз, әйтпесе олар сіздің өміріңіздің жағымсыз бір бөлшегіне айналуы мүмкін.
Торпақ
Бұл ай еңбекқор торпақтар үшін өте сәтті болмақ, алғашқы күндерден бастап бұрыннан жоспарлап жүрген істеріңіз алға басып, жақсы нәтижелерге қол жеткізесіз. Жұлдыздар жалқау торпақтарды да ұмыт қалдырған жоқ.
Планетелар арасындағы ерекше күштің арқасында торпақтардың бойында күш-жігер мен жұмысқа ынта пайда болады. Ал туысқандар арасындағы қарым-қатынас барысында өте абай болғаныңыз дұрыс. Себебі ең жақын адамыңызбен де жолыңыз екі айырылуы мүмкін.
Егіздер
Айдың басынан бастап егіздерді ашушаңдық билейді. Бұл әдеттен құтылу үшін тыныс алуға арналған жаттығулар жасап, өзіңізді барынша күтіңіз. Дегенмен, жалпы қыркүйек барысында саяхат пен мансапта үлкен жаңалықтар күтіп тұр.
Сонымен қатар, жалғызбасты егіздер сүйіктісін жолықтырып, романтикалық көңіл-күйді бастан кешіреді. Айта кетейік, осы айда жақсы ұйқының сізге берер пайдасы мол.
Шаян
Шаяндар күздің басында маңызды жобаларды аяқтау барысында аса мұқият болғаны жөн. Себебі соңғы қадамдарда қателік кетуі мүмкін. Ал жалпы ай барысында шаяндардың энергиясы толып, көңіл-күйіңіз көтеріліп, ойыңыз жаңа идеяларға толы болып жүреді.
Айдың екінші жартысында отбасыңызға көбірек көңіл бөлген дұрыс. Сонымен қатар денсаулығыңызға күтім жасайтын таптырмас уақыт.
Арыстан
Арыстандар тұлға ретінде дамуды қалайды, бұл көптен күткен өзгерістер үшін таптырмас уақыт. Айдың алғашқы жартысында музыка, математика, есте сақтау сияқты қабілеттеріңіз жақсара түседі. Айта кетейік, ұзақ уақыт бұрын араласқан, өткен шақтағы адамды кездестіріп, жаңа өмір бастауыңыз мүмкін.
Бикеш
Бикештерді көпшілігі өз-өзіне сенімсіз деп ойлайды, дегенмен бұл пікірдің қате екенін бикештер жақсы біледі. Олардың бойындағы салмақтылық – сенімсіздіктен емес, ақылды әрі ұшқыр ойдың әсері.
Бикештерді көпшілігі өз-өзіне сенімсіз деп ойлайды, дегенмен бұл пікірдің қате екенін бикештер жақсы біледі. Олардың бойындағы салмақтылық – сенімсіздіктен емес, ақылды әрі ұшқыр ойдың әсері.
Бикештер әлемді басқаруды, барлығын өзіне ынғайлы етіп қоюды және көңіл-көтеруді қалайды. Қарым-қатынас барысында да жақсы жаңалықтар болады.
Айтпақшы күні бойы энергия мен позитивке толы бикештер, ұйықтар алдында көңілсіздікке беріліп, тіпті жылап алулары да мүмкін. Көңіл-күйдегі жылдам өзгерістер жұлдыздардың әсерінен екенін ұмытпаңыз.
Таразы
Айдың алғашқы жартысында жұмысқа деген құштарлық пен жауапкершілік сезімі басым болады. Ал екінші жартысы мүлде керісінше. Таразы демалыс пен көңіл көтеруді қалайды.
Дегенмен, қыркүйектің соңғы күндерінде шаршаңқылық басып, үйден шықпай демалуды жөн көреді. Жақындарыңызбен сөйлесу барысында өз сезімдеріңіз бен қалауларыңызды жасырмаңыз. Бұл орайда сізге төсек қатынасының да тигізер пайдасы мол.
Сарышаян
Сарышаяндарға осы айда бірнеше мәселені шешуге тура келеді. Ол жұмыстан шығу туралы арыз, ажырасу туралы шешім немесе жіберілген қателік үшін досына айтылған ауыр сөз болуы мүмкін.
Олар эмоцияға тым қатты беріліп, барынша айтып тастауы мүмкін, нәтижесінде қатты өкінетіні сөзсіз. Сондықтан алдағы айда барынша ұстамды әрі салмақты болуға тырысыңыз.
Мерген
Күздің алғашқы күндерінде ақшалай мәселелер болғанымен, жалпы ай жемісті әрі сәтті өтпек. Әсіресе, күш пен жігерді, жаңа идеяларды талап ететін жаңа жобаларды бастаудан қорықпаңыз.
Үйдегі жасы үлкен адамдарға барынша қамқор болыңыз, оларға сіздің көмегіңіз қажет болуы мүмкін. Жаяу жүріске көп уақыт бөліңіз.
Тауешкі
Тауешкілер үшін кыркүйек барынша жемісті болмақ. Дегенмен барлық жұмысты игеру үшін оларға біресе уақыт, біресе күш, біресе ақша жетіспеушілігі кедергі болады.
Салыңыз суға кетпесін, бұл сіз үшін үлкен тәжірибе болмақ. Осыдан кейін өзіңізге нақты не керек екендігін білетін боласыз. Достық қарым-қатынаста болыңыз, уақытша күйзеліс кезінде олардың көмегі зор болмақ.
Суқұйғыш
Алдағы айда суқұйғыштарды үш жақсы жаңалық күтіп тұр. 1. Ессіз ғашық болуы мүмкін. 2. Жұмыста жоғары лауазымға ие болу. 3. Күтпеген жерден үлкен көлемді ақшаға ие болу.
Бір сөзбен айтқанда керемет қыркүйек сізді күтіп тұр! Алайда денсаулығыңызға абай болыңыз. Тіпті аздап салқын тиюдің өзінен төсек тартып қалуыңыз мүмкін.
Балықтар
Жұмыс қасқыр емес, орманға қашып кетпейді. Сізге тапсырылған жұмысты бәрібір де орындауға тура келеді. Ешқандай жұмысты кейінгі қалдыруға болмайды.
Сонымен қатар қыркүйекте күні бойы қалың көрпеге оранып жата беруге құмар боласыз. Жалқаулық пен міндет арасындағы талас сізді алыс жақтарға сапар жасауға жетелеуі мүмкін. Дегенмен бұл ай алыс сапарларға аса қолайлы емес. Сондықтан ерінбей еңбек етіңіз.
kaz.nur.kz/