Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шетел балабақшалары Қазақстандыкіне қарағанда өзгеше ме

Шетел балабақшалары Қазақстандыкіне қарағанда өзгеше ме

Балабақша таңдау ісі өте маңызды, өйткені балаңыз бұл жерде күні бойы ойнайды, ұйықтайды, тамақтанады, тәрбиеленеді.
АҚШ 
АҚШ-та негізінен балабақша жұмыс орнында танымал, баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру қиын емес. Тек балабақшаның ерекшеліктерін ескеру керек. Мысалы, кейбір балабақшалар тек дарынды балаларды іріктеп алып, интеллектуалды қабілеттерін шыңдаумен айналысады, ал басқа балаларды ойнатады, мультфильм көрсетеді. 
Бағалары да әртүрлі. Орта есеппен айына мың доллар төленеді. АҚШ-тың балабақшасында құм жоқ, балалар ғимаратқа құм алып кірмесін деп оған тыйым салған. 
Жапония 
Жапонияда балабақшаның екі түрі бар: хоикуэн (мемлекеттік, 3 жасқа дейінгі балаларға арналған) және етиэн (жеке, үш жастан жоғары балаларға арналған). Кейде мемлекеттік балабақшаға орналасу аймаққа байланысты өте қиын, балаларды қала әкімдігі орналастырады. Бір балабақшаға әр адам табысына қарай әртүрлі төлейді. Бағасы бір айда екі мың йеннен (20 доллар) 40 мың йенге (400 доллар) дейін құбылып тұрады, одан да жоғары болуы мүмкін. Орта есеппен балабақшаға 300 доллар төленеді. 
Жапония мемлекеттік балабақшасы Қазақстандыкіне ұқсайды: үш мезгіл тамақ, серуен мен ұйықтататын уақыт кіреді. Баланы 17:00-де үйлеріне жібереді. 
Ал етиэнде бала ересек өмірге қадам басады. Олар спортпен, музыкалық аспаптарда ойнаумен және бимен айналысады. Бұл жерде балаларды ұйықтатпайды, оларды 13:00-14:00 аралығында үйлеріне жібереді. Сондай-ақ бала пилжак, ақ жейде, белдемше немесе шорты киюі тиіс. 
Германия
Германия балабақшасында орын жетіспейді, әсіресе үлкен қалаларда бұл үлкен мәселе. Мемлекет студент ата-аналарға, жалғызбасты жұмыс істейтін аналарға, қаржылай жағдайы төмен отбасыларға балабақшадан орын бөледі. Неміс балабақшалары баланы 3 жастан бастап қабылдайды, құны айына 80-40 евро. Ол түскі ас пен баланың балабақшада болу уақытына байланысты төленеді. Бұл жақта үш жастағы бала алты жастағы баламен бір топта тәрбиелене береді. 
Айта кетейік, Германияда бала туғаннан 18 жасқа дейін айына 190 евро "бала стипендиясын" алады. 
Франция
Француз балабақшасында сәрсенбі күні демалыс. Бұл күні балалар түрлі үйірмеге қатысып, спортпен айналысады. 
Парижде таңғы асқа тыйым салынған, өйткені бұл – семіздікпен күресудің бір жолы. Француз балабақшасының құны жылына 1 000 евро, баланы 2,5 жастан бастап қабылдай береді. 
Швеция
Швецияда баланы 1 жастан бастап балабақшаға қабылдайды. Мемлекет ата-ана өтініш берген соң үш ай өткеннен кейін балабақшадан орын бөлуге міндетті. Барлық балабақша ақылы, төлем ата-ананың табысына байланысты. 
"Кір-қожалақ бала – бақытты бала" деген ұран Швеция балабақшасында жиі естіледі. Өйткені бұл жақта баланы көбірек көшеде серуендетеді. Әр бала резеңке етік пен жылы киім алып жүрулері тиіс. Ата-ана баласы үшін ай сайын өз кірісіне сай ақша төлейді (ең көп төлем – 1260 крон, яғни 40 мың теңге).
Египет
Египетте баланы алты айдан бастап балабақшаға беруге болады. Бұл жақта мемлекеттік балабақша бір топқа 50 баланы ала береді. Жекеменшік балабақшалар балаға тамақ беріп, оған араб, ағылшын тілдерін үйретеді. 
Бала сол жақта қанша уақыт болса, төлемі де соншалықты болмақ. Егер бала 7:30-дан 13:00-ге дейін болса, айына 60 египет фунты (1 140 теңге), егер 7:30-дан 19:00-ге дейін болса, онда 500-600 египет фунты (9 500 теңге) төленеді. 
Қытай
Қытайда тегін балабақша жоқ. Ата-ана айына 500-1000 юань (80-320 доллар) төлеп баланы балабақшаға орналастырады. Балаға орын табу өте қиын. Бұл жақта 1,5-2,5 жастағы балаларды балабақшаға ала береді.
24 тамыз 2018 ж. 4 529 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930