Бұдан былай ломбардқа зат өткізгендерді суретке түсіреді
«Қылмысқа қатысты мәселелер бар. Ұялы телефон ұрлығына қатысты кедергілер көп. Өйткені оны базардың бір бұрышынан ұрлап алып, екінші жағында сатып жібереді. Біздің опеаторларымыз оны бірден есепке қояды. Евопада олай істемейді. Бізде ғана бар. Себебі телефонды оңай ұрлап кетеді», – дейді Қасымов Қазақстан мен Ресейдің ішкі істер министрліктерінің бірлескен кеңесінің отырысынан кейінгі брифингте журналистерге жауап бере отырып.
Министр 2019 жылдың 1 қаңтарына дейін барлық ұялы телефондарды ЖСН бойынша тіркеу керек екенін еске салды. Қазір ұрлықтың 15-20 пайызы телефон ұрлығы екенін атады.
«Ломбардтар бізде заңсыз негізде жұмыс істеп келді. 1997 жылы Ұлттық банк қабылдаған ереже ескіріп кетті. Ломбардтар ұрланған заттар тұратын орынға айналды. Ұрланған зат бірден ломбардқа өткізіледі. Біз Ресей мен Германияның, Өзбекстан мен өзге елдердің тәжірибесін зерттеп көрдік. Басқа заңға өзгерістер енгізді. Ол мамыр айында қабылданды. Өзгеріске сәйкес, Ұлттық экономика министрлігі ломбардтаға қатысты ережені жасап жатыр. Германияда секілді ломбардтар зат өткізген адамды, құжаттарын суретке түсіріп, бізге қандай зат қабылғдағандарын айтуы керек. Сонда қылмыскерлер затын ломбардқа өткізе алмайды», – дейді министр.