Ұстазым – ұлағатым

Еліміздің әр түкпірінде мұғалімдер мерекесі әртүрлі форматта тойлануда. Біздің облыста да айтулы күн аясында 420 шара ұйымдастырылып, оған 29 650 білім алушы қатысқан. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Бекжан Есенбаев айтты.
- Қазақта “Ұстазы жақсының - ұстанымы жақсы” деген қанатты сөз бар. Қандай ұрпақ болмасын олардың білімді, білікті болуы біздің ұстаздарымыздың бүгінгі еңбегіне тікелей байланысты. Мереке қарсаңында 20 қыркүйектен бастап облыстағы барлық білім беру ұйымдарында мәдени іс-шараларымыз өтіп жатыр. Осы орайда, “Еңбек адамы” айдарымен әр білім ордасының техникалық қызметкерлерін басқарма басшысының марапаттау кештері болды. Мұғалімдердің құрметіне орай түрлі челленджер мен ашық тәрбие сағаттар, кездесу кештері де ұйымдастырылса, бүгін “Ұстазым - ұлағатым” атты салтанатты шарамен қорытындыланатын болады,- деді Бекжан Шәкизатұлы.
@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі