Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткінің тұзағы: Аққанаттың хикаясы

Есірткінің тұзағы: Аққанаттың хикаясы

Баяғы бір тұнық орманның арасында құстардың тыныш өмір сүретін,күн шуақты «Қиял әлемі» болған екен.Бұл әлемде Аққанат есімді кішкентай, ақ көгершін өмір сүріпті. Аққанат өте ақылды,бірақ жаңа әлемнің дүниелеріне, заттарына қызығушылығы көп екен. Бәрін білгісі келіп,зерттеп,қолданып көргісі келетін болыпты.
Бір күні орманға түсініксіз,түрлі-түсті түтін таралып,жұпар иісі тарайды.Бұл түтіннің қайдан шыққанын білмек болған Аққанат шоқының биігіне ұшып шығып,алысқа көз тастайды.Ол жерде жарқыраған, қымбат секілді көрінетін гүлдерді көреді.
– Бұл қандай гүлдер екен?- деп гүлдерге одан бетер жақындайды.Гүлдердің ортасында Қара Көлеңке есімді түлкі тұр екен.
Ол Аққанатты көріп:
– Қош келдің, кішкентай досым! Бұл сиқырлы гүлдер саған рақат әсер сыйлайды.Бұл осы орманның сыйы,олар сені қуантады!-дейді түлкі алдамшы күлкісімен. Аққанат алғашында күмәнданса да, түлкінің сөзіне сеніп, гүлдердің тәтті шырынын ішіп көреді. Алғашында барлығы керемет көрінді: орман бұрынғыдан да жарқын, шөптер жұмсақ, аспан көгілдір болып көрінді. Бірақ уақыт өте келе, Аққанаттың қанаттары әлсірей бастады, ол ұша алмай қалды. Оның дос құстары да одан алыстай бастады, себебі олар Аққанаттың түлкінің тұзағына түсіп қалғанын білді.
– Мен қателестім! Бұл гүлдер мені күшті етудің орнына әлсіз етті! – деп, Аққанат көз жасын төгіп, көмек сұрады.Осы сәтте, орманның сақшысы Қыран пайда болды. Ол Аққанатты құтқару үшін түлкіні қуып, гүлдердің барлығын жойып жіберді.
Қыран Аққанатқа:
– Есірткі сені уақытша алдайды, бірақ ақырында жаныңды да, денсаулығыңды да құртады. Қайтадан ұшып, дос құстарыңмен өмір сүруің үшін сенің ерік-жігерің керек,-деді.Аққанат түлкіге сенгеніне өкініп, өзін құтқарғаны үшін Қыранға алғыс айтты. Ол ұзақ уақыт бойы денсаулығын қалпына келтіріп, орманның барлық құстарына есірткінің зиянын айтып, оларды қорғауды өмірлік мақсаты етті.Содан бері Қиял әлемінде ешкім Қара Көлеңкенің сөзіне сенбей, есірткінің тұзағына түспейтін болды.
Түйін: Есірткі уақытша алдауы мүмкін, бірақ ол әрдайым еркіндігің мен өміріңді тартып алады. Ешқашан оның жолына түспе!

Ұлжан ЕРСАЙЫН,
Б.К.Мергенбаев атындағы №226
мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы
13 қаңтар 2025 ж. 73 0

Есірткі туралы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 226

Есірткі жайлы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 46

Есірткі жайлы ертегі

13 қаңтар 2025 ж. 50

Пайдалы жеміс-жидектер

13 қаңтар 2025 ж. 54

Абайлаңыз айыппұл!

12 қаңтар 2025 ж. 78

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031