Лайықты құрмет көрсетілді
Ол алғаш «Қазалысушаруашылығы» басқармасынд а гидротехниктен бастады. Мұнан соң Карл Маркс атындағы совхозда бас инженер-гидротехник болды. Тәжірибесі толыса келе «Қазалысушаруашылығы» басқармасында бөлімше бастығы, бас инженер, басқарма бастығы, Алматы қаласында Ауылшаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетіне қарасты «Жетісу» гидрогеология мелиоративтік экспедициясында бөлім бастығы қызметі сатыларынан өткен. 2009 жылдың ақпан айынан бері «Қазалысушаруашылығы» өндірістік учаскесіне басшылық етеді.
Қ.Көләнов бойындағы барлық күш-жігерін Қазалы ауданының егіншілік саласын дамытуға, суды тиімді пайдалану, каналдар мен қашыртқылар бойындағы гидротехникалық құрылыстарды сақтап, жетілдіруге жұмсады. Сонымен бірге мал жайылымдық жерлерін суландыру, көлдер жүйесін жақсарту ұмыстарына белсене араласты. Үлгілі еңбегіне сәйкес бірнеше рет қалалық, аудандық кеңестің депутаты болып сайланды. Қазалы ауданының Құрметті азаматы. 1978 жылы «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің, облыс, аудан әкімінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған. Қуекең жақында «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» атағын алып, қуанышқа кенелді. Біз мұны қажырлы ісі арқылы аудан мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлесін қосып жүрген абзал азаматқа көрсетілген шынайы құрмет деп бағалаймыз.
С.БАХИЕВ