Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сұлулық сыйлаған салон

Сұлулық сыйлаған салон

Ғалам сұлулыққа құмар. Әлем әдемілікке асық. Бүгінгі таңда адамдардың, әсіресе нәзік жан иелерінің сырт келбеті оның өзі жайлы жағымды пікір қалыптастыратын ең басты фактор екеніне ешкім дауласа қоймас. Соның арқасында сән саласының шеберліктері толысып, түрлі қызмет түрлерін өмірге әкелуде. Қазалы ауданында да қыз-келіншектерге әдемілік сыйлайтын орындар баршылық. Жақында солардың қатары «Магия» атты тағы бір салонмен толықты.
Мамыр айының алғашқы күні ашылу салтанатын жасаған «сиқырлы» салон бүгінгі күннің өзінде қызметін тұрақты пайдаланушылар аудиториясын жинап үлгірген. Мұндағылардың орташа айлық табысы да көңіл көншітерлік. Ал салонның негізін қалаған 22 жасар Жеңісгүл Қуаныш кәсіптің бұл түріне бала кезінен қызыққан. – Сән әлеміне көңілім ауған сәтте ең алғаш косметикаға қызықтым. Бет әрлеуді үйренуге деген ынтам үлкен дүниелерді армандауға жол ашты. Мақсатқа жету үшін шаршап-шалдыға жұмыс жасап, тәжірибе жинадым. Бертін келе бірге істес болған бір топ әріптестерімді біріктіріп,ісімізді бастадық,– дейді Жеңісгүл. Жеңісгүл визажист мамандығынан бөлек шаш сәндеу, шаш қию және колористиканы да меңгерген. Салонда Жеңісгүлден басқа кірпік өсіру маманы Гүлдірайхан Әбдіханова, ерлер шаштаразы Айсұлтан Піржан, тырнақ сәндеуші Айжан Төребай, әйелдер шаш шебері Ақнұр Жомартқызы, әкімші Хадиша Қыдыржан, жалпы 5 қызметкер жұмыспен қамтылған. Бұлардың барлығы дерлік келушілерді жылы қарсы алып, ізетпен шығарып салуға дағдыланған. Мұнда сән салонының қызметінен бөлек, кезек
күткен тұтынушыларға шәй, кофе сияқты түрлі сусындар тегін ұсынылады. Осының өзі ұйымшыл ұжымның әр тұтынушыға айрықша құрметпен қарайтындығын көрсетсе керек. Жанқожа батыр ауылының тумасы Жеңісгүлдің болашаққа құрған жүйелі жоспарлары да аз емес екен. Кәсіпкерлікке мықтап бетбұрған ол болашақта тек ғана сәндік саламен шектелмейтін көрінеді. «Қазалы ауданында сәні мен сапасы келіскен той көйлектерін сататын дүкендер саусақпен санарлық. Жазғы маусымда отау құратындар көп болатындықтан, жас қалыңдықтардың бұйырғанын кигеннен басқа амалы жоқ. Сол себепті таңдаулы той көйлектер салонын ашқым келеді. Жақын арада бұл дүкеннің де тұсауын кесіп қалармыз»,– дейді кәсіпкер. Жеңісгүл бұдан бөлек заманауи үлгідегі тойхана ашуды да жақын кезеңдегі жоспарларының тізіміне енгізіп қойыпты. Ағымдағы жылды кіші кәсіпкерлікті дамытуға арнаған облыс
әкіміне алғысын білдірген жас кәсіпкер мемлекет қолдауының арқасында әлі талай жобаларды дүниеге әкелсем дейді. Ал біз аудандағы кәсіпкерлікті дамытып, ел экономикасының өсіп-өркендеуіне аянбай үлесін қосып жүрген Жеңіскүлге сәттілік тілейміз.
Әйгерім АМАНТАЕВА


28 шілде 2018 ж. 2 778 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 42

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930