Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңашылдыққа жаны құмар

Жаңашылдыққа жаны құмар

Қазалыда жаңашылдыққа жаны құмар жастар көп. Солар­дың бірі – жас кәсіпкер Рауан Есбергенов. Оның есімі көпшілікке «Заң заңғары» құқықтық компаниясы арқылы таныс. Бірнеше жыл бұрын жұмысын бастаған құқықтық қызмет көрсететін компанияның бүгінде тынысы кеңіп, келуші­лердің қатары артты.
Халықты құқықтық сауат­тандырып, жүрген Рауан Камаладинұлы жуырда сапалы дизайнерлік қызмет түрлерін көрсететін кәсіп ашты.
Әдемілік пен жинақылықты арттыру мақсатында ашылған «ASPAN design studio» компаниясы мөр және мөртабандарды әзірлеумен қатар, полигра­фиялық қызметтерді ұсынады. Сонымен бірге, мұнда кәсіби фотоға түсіріліп, фотосессиялар ұйымдастырылады. Дизай­нерлік қызметтің түр-түрін көрсететін компания баннер дизайнын әзірлеп, жоғары сапада басып шығаруды да қолға алған. Фотокітаптар мен фотоальбомдар әзірлейді. Басқа да түрлі қызметтер көрсетеді.
Қазалыда дизайн мен полиграфия туралы танымды өзгерту үшін компания ұжымындағы әрбір қызметкер үнемі ізденіс үстінде жүреді. Тұтынушыға тың дүниелер ұсынуды көздейді. Мәселен, бір ғана фотобукті алайық. Яғни, фотокітап. Ол – әр бетінде өңделген фотографиялар бейнеленген және оларға түсіндірме берілген, әрі шығармашылық элементтерімен әрленген кітап. Фотобуктің парақтары бір дизайн мен тақырып желісінде болады. Фотокітаптың альбомнан айырмашылығы ондағы суреттер альбомдағыдай жапсырылмайды. Ол басынан бастап цифрлық макетте әзірленіп, басып шығарылып, фотокітап болып жиналады. Қолға ұстауға ыңғайлы және әсем. Фотокітап – отбасы суреттерін, үйлену тойлары мен түрлі мерекелерді естелік ретінде бейнелеудің көркем құралы. Үйге келген қонақтардың қолына ұсынатын фоторепортаж журналы іс­­пет­тес.
«Өзіңіз көріп тұрғандай тұтынушыларға жайлы әрі әсем кеңседе отырып, ұнамды өнімдерге тапсырыс беруіне жағдай істеуді көздедік. Әрбір тұрғын, тұтынушы сапалы қыз­мет пен сыпайы қарым-қаты­насқа лайықты. Бізді таң­даған әрбір адам құрметке ие деген ұстанымды ұстаймыз. Тұтынушылардың ықыластары арқылы дамитынымызды біле­міз», – дейді кәсіпкер Рауан Камаладинұлы.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
10 сәуір 2018 ж. 2 300 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 135

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 137

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 142

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 125

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 122

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 138

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 134

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031