Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәселенің үлкен-кішісі болмайды

Мәселенің үлкен-кішісі болмайды

"Су – тіршілік нәрі". Анығы солай. Адам ағзасының басым бөлігі судан құралады деседі білетіндер. Ал үлкендер болса "Адам аштыққа төзгенімен, шөлге шыдамайды" дегенді алға тартады. Не болса да, судың адам өміріндегі маңызы ерекше екендігі талассыз. Шілденің аптабы күшіне мінген сайын ауызсуға да сұраныстың артатыны белгілі жайт. Қазалыда жергілікті билік өкілдері тұрғындарды ауызсумен қамту жайын тұрақты назарда ұстап келеді. Әйтсе де көпшілік арасында су тапшылығы қылаң беріп қоятынын несіне жасырамыз?!.
Өзгесін қайдам, біз тұратын Сырым батыр көшесінің аяқ шеніндегі бірнеше үйдің ауызсу тапшылығын сезініп отырғанына біршама уақыт болды. Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған ел болғандықтан, көрші-көлем колонкасынан су ағып тұрған үйлерден алып, амалдап келген болатын. Өткен жұма күні кент әкімі Жарасхан Мұратбаев бауырымызға қоңырау шалып, болған жайтты білдірдік. Кент әкімі мәселені естіген соң су таситын арнайы автокөлік жіберетінін жеткізді. Көршілер болса құдығы бар үйге құйып алып, әзірше амалдай тұратындарын айтып мәз болысты. Алайда жұма, сенбі күні күткен су таситын көлік келмеді. Көршілерім қолдарына іліккен ыдыстарын ұстап үй жағалап жүр. Шыдамның да шегі бар. Кент әкіміне тағы қоңырау шалған едік. Ұялы телефоны көтермеді. Амалсыздан аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағановқа сенбінің кешінде (14.07.2018) қоңырау шалдық. Әңгіменің төркінін естіген Әлекең су таситын арнайы көлік жіберуге уәде берді. Азамат сөзінде тұрды. Бас-аяғы бір сағатқа жетер-жетпес уақытта көлік келіп, құдығы бар тұрғынның үйіне су құйып кетті. Әлденеше үйдің тұрғындары әзірше амалдай тұрмақшы. Біз болсақ Әлімжан Мұратбайұлының сөзбұйдаға салмағанына тәнті болдық. Бұл дағды өзгелерге үлгі болса, кәнеки!
Әрине, «сабырлы жетер мұратқа». Бірақ кейбір басшылар да мұны түсінгені жөн. Егер де сол басшының әйелі, немесе келіні, болмаса бойжеткен қызы қолына шелегін ұстап, үй жағалап су сұраса (әрі әлденеше күн қатарынан), қандай күйде болар еді?!. Бір сәт осыны да ойлап қойған ләзім. Сонан соң, мәселеге немқұрайды қарамаса дейміз ғой, баяғы. Ешкімнің қолына шығайын деп отырғаным жоқ. Десе де, аудан әкімі орынбасарының шұғыл шешім қабылдап, тәртіпті ұнататын мінезіне (мүмкін, ұзақ жылдар ішкі істер саласында қызмет жасап, тәртіпке қалыптасқаннан болар) риза болғанымыз тағы рас.
Айтпақшы... Әлімжан Мұратбайұлы! Өзіңіз тапсырма беріп көлікпен құдыққа құй¬дырған суды пайдаланып отырған (Менің үйімнен су ағып тұр. Басқаша ойлап қалмаңыздар. – авт.) көршілерім сізге "Алла шөлін қандырсын!" деген тілектерін жеткізуді аманаттаған еді. "Аманатқа қиянат жоқ", мен парызымнан құтылдым.
Жұмабек ТАБЫНБАЕВ
halyk-gazeti.kz

19 шілде 2018 ж. 1 056 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930