Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Талпынсаң табысқа жетесің

Талпынсаң табысқа жетесің

Қазалылық Жансая Жақсыбаева болашақта өз кәсібін дөңгелеткен табысты кәсіпкер болуды армандайды. Сол арманына жету үшін аянбай еңбек етіп келеді. Қазір Жансая Бақытқызы Қызылорда қаласындағы "Бизнес Бастау" кәсіпкерлік мектебінің "Аламан" курсында студент. Алған білімін теория жүзінде меңгеріп қана қоймай, іс жүзінде жүзеге асырып отыр.
Бүгінде бизнес жайлы білім ала жүріп, саудамен айналысуда. Нақтырақ айтар болсақ, Жансая жаңа жылдық және басқа да кештерде керемет көңіл күй сыйлайтын, жанатын LED шарларды сатады. Бізді қуантатын жайт болашақ кәсіпкердің қазақы ою-өрнектермен нақышталған ағаш астаулары да тұтынушыларға ұсынуы.
Ешқашан қиындықтан қашпау керек деген ұстанымды ұстанатын он сегіз жасар Жансая Қызылорда қаласындағы жеке балабақшалардың бірінде ағылшын тілінен сабақ береді. Жұмыс пен оқуды қатар алып жүрген қағілез қыз:
"Бір күні инстаграм әлеуметтік желісінен "Бизнес Бастау" кәсіпкерлік мектебі туралы жазбаны көзім шалды. Оны оқып, бала күнгі арманыма бір қадам жақындап қалғандай сезімде болдым. Жүрегім алып ұшып ойланбастан нөмірімді қалдырдым. Менеджерлермен сөйлесіп, ақылдасып жүрдім. Бірақ оқу ақысын төлеу үшін мүмкіншілік тумады. Сонда да қайтпадым, тегін мастер-кластарға барып қатыстым. Солай жүре-жүре 3 айдан соң ғана кәсіпкерлік мектепті оқудың сәті түсті. Қуанышымды көрсеңіз ғой, сөзбен жеткізу мүмкін емес",– деп ағынан жарылды.
Оқуын бітірген соң, Қазалы ауданына келіп, кәсіп бастамақ ниеті бар талабы таудай Жансаяның жолы ашық болып, балаң арманы болашағына бақыт сыйласын дейміз.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
26 желтоқсан 2017 ж. 1 571 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 66

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 68

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 53

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930