Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Түлектердің тағлымды істері

Түлектердің тағлымды істері

Елбасы мақаласынан бастау алған «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатындағы үлкен істе Қожабақы ауылының тұрғындары бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып келеді десек артық айтқандық емес.
Мәселен, елді мекенге бара қалсаңыз алдымен көзіңізге әсем нақышта жасалған «I love QOJABAQY» (Сені жақсы көрем Қожабақы) жазуы көрінеді. Ауылдың көркіне көрік қосып тұрған бұл нысан 2008 жылы бітірушілердің 10 жылдық мерейтойы қарсаңында туған жерге жасаған тартуы екен. Мектеп түлектерінің жылдар өткеннен соңғы кездесулері барысында міндетті түрде ел игілігіне жарайтын бір дүние жасау үрдісі қалыптасқан. Соның арқасында үлкен қалаларда орнатылатын жазу тақтайшасы Қожабақының да төрінен орын тепті. Ізгілікті істің ұйытқысы болған Тұрар Жолмырза толықтай светоаспектімен жа­салған бұл символдың жалпы құны 374 мың теңгені құрағанын айтты.
Ауылдағы №25 мектепті 1998 жылы бітірген түлектер де басқосу барысында сый жасаудан шет қалмады. Жастар бос уақыттарын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын қалыптастырса екен деген оймен мәдениет үйі жанына Алтыбақан, Аударыспақ, Бағана (өрмелеуге арналған) орнатып берді. Бүгінгі күні ауыл балалары бос уақыттарын осы жерде өткізеді. Жетіскен Өтегенов жетекшілік еткен түлектер бұдан бөлек өздері тәлім алған білім ордасына заманауи үлгідегі электронды қоңырау тарту етті. Туған жерге, алтын ұяға деген махаббат осындай жақсылықтармен өлшенсе керек.
Ауыл жұртшылығына ерекше қуаныш сыйлаған нысан ретінде жақында ғана пайдалануға берілген субұрқақты айтуға болады. Мұны аталған мектепті 1988 жылы аяқтаған шәкірттер пайдалануға берді. Жобаны жасауға ұйытқы болған аудандық мәдениет орталығының директоры Кемеңгер Өтеп пен оның сыныптас дос­тары екенін айта кеткен жөн. Құрылыс жұмыстарына 1 миллион теңге жұмсалған сәулетті субұрқақ бүгінде Қожабақының жасы мен жасамысы демалатын орынға айналды.
Сондай-ақ, ауылдың 1949-1951 жы­лы туған аға буын өкілдері Қожабақы ауылындағы мәдениет үйі жанынан ауыл ардагерлеріне көлеңкелі демалыс орнын жасап беріп, ризашықтарына бөленді. Бұдан бөлек есімі елді мекен атауын иемденген әулие Қожа-Бақының ұрпақтары республикаға танымал ірі кәсіпкер Бермағамбет Шайымов пен оның інісі, Ақсуат ауылының тұрғыны, кәсіпкер Ақансері Шайымов ауыл орталығандағы «Ділімбет ишан» мешітіне 4 бейнебақылау камерасын сыйлады.
Халықтың бата-тілегін, ақ қардай аппақ пейілін жанына жалау қылып, елінің мүддесіне қызмет еткен бабалар руханиятының ең биік шыңы – туған жерге деген сүйіспеншілікте жатса керек. Осындай асыл қасиеттерді жадында қайта жаңғыртқан қожабақылықтардың жарқын істері жүрегімізге нұр құйды.
Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
16 шілде 2018 ж. 2 385 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 56

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930