Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке қарсаңындағы қос марапат

Мереке қарсаңындағы қос марапат

Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің төл мерекесі қарсаңында Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Әлімжан Мұратбайұлына ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Қ.Қасымовтың 2018 жылғы 18 маусымдағы №166 ж/қ бұйрығымен Ішкі істер органдарының құқықтық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында белсенді жариялағаны және полиция қызметінің беделін аттыруға қосқан үлесі үшін «Құрмет Грамотасы» берілді. 
1995-2009 жылдары Ішкі істер министрінің баспасөз хатшысы қызметін атқарған Ә.Мұратбайұлы «Сақшы», «На страже» газеттерінің тарихы туралы ғылыми еңбек жазып, филилогия ғылымдарының кандидаты атанған. 
Осы ретте, 2018 жылғы 26 маусымда республикалық «SAQShY» газетінің №47 санында «Сақшы – сақшылар үшін тәрбие мектебі еді» тақырыбында көлемді сұхбаты жарияланған болатын. Басылым 85 жылдық мерейтойы қарсаңында Ә.Мұратбайұлына құнды сыйлық «Алтын сағатты» естелік-сый ретінде табыстады. 
Сонымен қатар, Ішкі істер саласындағы ұзақ жылғы табысты шығармашылық еңбегіне орай полиция полковнигі Ә.Жарылқағанов 23-маусым – Полиция күніне орай бағалы сыйлықпен марапатталды. 
Ұшқыр қаламның ұшымен, қажыр-қайраттың күшімен мемлекеттік ақпараттық саясаттың жүзеге асырылуына сүбелі үлес қосып, еселі еңбегі үшін қос марапат иеленген Әлімжан Мұратбайұлының отбасына амандық, қызметіне жетістік және шығармашылық табыс тілейміз.

Айдос Мейірімхан
29 маусым 2018 ж. 1 731 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930