Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Екі әйел көз жұмған перзентхана екі күн жұмыс істемеген

Екі әйел көз жұмған перзентхана екі күн жұмыс істемеген

Астанадағы №1 Перинаталды орталықта 21 маусым мен 25 маусымдағы жаңа босанған екі әйелдің өлімінен кейін мекеме екі күн жұмыс істемеген. Бұл туралы Астана қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Сәуле Мукушева мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
«Инфекцияға қатысты мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді. Екінші өлімнен кейін осы жағдайдан соң ретке келтіру үшін мерзімінен бұрын босанатындарды №3 перинаталды орталыққа, шұғыл босанатындарды №2 перинаталды орталыққа жібердік. №1 перинаталды орталық кеше 26 маусымда 20.00-ден бастап қайта жұмыс істеді»,- деді ол.
Ол алдын ала қызметтік тергеуден соң осы іс бойынша орталыққа республикалық комиссия келіп жұмыс істейтінін айтты.
«Гестологияға анализ алынды, ол он күннен кейін дайын болады. Сол кезде неден қайтыс болғанын айта аламыз. Тергеу жүріп жатыр. Балалар тірі, олардың жағдайы ауыр, бірақ қалыпты. Қазір реанимацияда жатыр», - деді Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушы.

Назерке Абибулла
baq.kz

28 маусым 2018 ж. 2 726 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 177

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031