Абай мұрасы – халық ұлағаты
26 қаңтар күні №276 орта мектепте пән бірлестіктер айлығының кезекті «Алдымда ақын Абай – Темірқазық» атты «Өркениет» қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндер бірлестігінің айлық жұмыстарының қорытындысы өтті.
Аудандық семинарға білім бөлімі әдіскерлері мен кент, қала мектеп мұғалімдері қамтылды. «АБАЙ. ТОЛЫҚ АДАМ және МЕН» жобасы аясындағы жоспарға сәйкес «Абай - дана, Абай - дара» айдарымен мектеп залының ашылу рәсімі ұйымдастырылды. Бұдан әрі оқушылар ұлы ақынның балалық шағынан бастап даналыққа дейінгі кезеңін шағын эпизодтармен суреттеді.
Мектеп мұғалімдері түрлі коучингтер мен шебер сыныптар өткізді. Атап айсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Өтепова Сая «Абай мұрасы - халық ұлағаты» тақырыбында коучинг өткізіп, әріптестермен әдістемелік әдістерімен бөлісті.
«Педагогические взгляды А. Кунанбаева» тақырыбында ұлы Абайдың қара сөздерімен өзекті мәселелерді ұштастыра отырып орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аскарова Алима шебер сынып өткізді. Тарих пәні мұғалімі Қазбаева Раушан «Төңкерілген оқыту» әдісін оқыту үдерісінде тиімді қолданудағы іс-тәжірибесімен әріптестер алдында бөлісті. «Сен де бір кірпіш дүниеге...» атты тренингте ағылшын тілі пәні мұғалімі Әбдіраш Анэль қызықты сергіту сәттерін кірістіру арқылы қатысушыларды тиімді тәсілдерімен баурап алды.
Семинар қорытындысында «Абай десе өлеңнен маржан табасың, Абай деп таны қазақтың байтақ даласын» тақырыбында шағын концерттік бағдарламада қатысушылар қойылым көріп, оқушылардан құрылған оркестрдің орындауындағы күй мен әнді тамашалады. Тарих пәні мұғалімі Жамет Алдиярдың «Абай мұрасы - ұрпаққа аманат» атты Жидебайдағы Абай мұражайына онлайн саяхатымен жалғасқан шара соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Дүзелбаева Гүлнар қорытынды сөз сөйлеп, мектеп ұжымына алғысын білдірді.
#Қазалыбілім
#Қазалыақпарат
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат