Қиялы ұшқыр ісмер
Бүгінде қолөнер туындылары алуан түрлі. Әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап, күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған бұйымдардары қамтиды. Пішіндердің ықшам да, мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырады. Бұдан шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауын қажет етеді.
Халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін ол шебер жандардың колында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле береді.
Осындай өнерді дамытып отырған ақтанбатырлық Жанар Жәдігер қыз жасауы, қырқынан шығару, тұсау кесер рәсімдеріне қажетті қазақи ою-өрнекпен әшекейленген заттар әзірлейді. Мұнан бөлек ісмер жас той қалыңдығына арнап гүл, моншақ пен бисерлерден құрастырылған сәндік бұйымдар дайындайды. Қазіргі заманауи қолданыстағы фетр матасынан түрлі себет пен той шашуына арналған сөмке тігеді.
– Бүгінде адамға бір кәсіп аздық етеді. Тұрақты жұмыстан түсетін табысқа ғана сеніп отыра беруге болмайды. Дағдарыс пен дамуды қатар кешкен қоғам тек таза еңбек пен үнемшілдікке қалыптасуы тиіс деп ойлаймын. Сондықтан халықтық қолөнерге өз үлесімді қосқым келеді. Ине-жіппен жұмыс істеу шығармашылық қабілет пен асқан төзімділікті қажет етеді.
Қазір бәрі дайын. Қалауыңа қажетті дүниелер сырттан жеткізіліп тұр. Дегенмен қолдан жасалған бұйымдарға да сұраныс артуда. Халық бір-біріне ұқсайтын заттардан жалыға бастады. Сондықтан ісмерлердің туындысына жүгінеді. Құдайға шүкір тұрақты тұтынушыларым бар. Дайындалған дүниелерім лезде иесін табады. Тапсырыс та үзілмейді, – дейді Жанар Жәдігерқызы.
Өнерлі тігінші бізбен әңгімесінде, тігіншілік өнерді анасынан тәтесі Гүлзат меңгерген. Ол алғаш рет ескі шалбардан Жанарға сабаққа ұстайтын сөмке тігіп сыйға ұсынған. Осыдан кейін бойжеткенде тәтесінің жанында жүріп тігін тігуге деген қызығушылығы артады. Бір қызығы, мектеп қабырғасында жүріп-ақ өзіне ұнаған киім үлгілерін пішіп, тігіп алатын.
Бүгінде ісмер жас отандық өнерді дамытып, танымал дизайнер болуды армандайды. Ине-жіптен игілік иірген, әрі қиялы ұшқыр ісмер ісіне біз де сәттілік тіледік.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА