Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Батпақ болса көшеміз, тар жол тайғақ кешеміз

Батпақ болса көшеміз, тар жол тайғақ кешеміз

Биыл ауданда жол салу жұмыстары қарқын алып, жақсы көрсеткішке жеттік. Бірақ бұның игілігін автокөлік жүргізушілері ғана көрді десек болады. Ал жаяу жүргіншілер жайы қиындап тұр. Себебі аудан тұрғындары жауын жауса малмандай су кешіп, қамырша иленген батпаққа белшеден батып жүр.
Бұған дейін осы мәселені газет бетінде бірнеше рет көтергенбіз. Өкінішке орай құзырлылар қозғалмаған соң, әлі қаузап келеміз. Бүгінде толассыз жауған жауынның әсерінен жаяу жүргіншілер қозғалыссыз қалған көшелер қатарында аудан орталығы Қ.Сәтбаев атындағы көшесі, жыры бітпеген Әбілқайыр хан, Т.Әубәкіров, Желтоқсан, В.Счастнов сынды көшелер бар.
Жаңбыр жауа қалса, жоғарыда аталған көшенің барлығы адам көргісіз күйге енеді. Мұндағы әрбір тұрғын балшыққа белден батып, үйіне әбігерге салынып, әрең дегенде жетеді. Көше бойын жағалай жатқан арық-атыздан да еш пайда жоқ екен.
Резенке етік пен полиэтилен пакет. Бұл жолдармен мектепке жету үшін оқушыларға таптырмас зат. Жаңбыр жауып, қар ерігенде оны аяқтарына киіп жүруге мәжбүр. Мезгілсіз жауған жауынның батпағы бала біткенді сатпақ қылды. Ата-аналары мектеп формасын күнделікті тазалап отырмасқа шарасы жоқ. Себебі жаяу жүргіншіге арналған жол кейбірінде сапасыз салынса, енді бірінде мүлдем салынбаған. "Ми" балшықты көп жыл бойы айтса да, мәселе шешілмей тұр.
Осындай көшенің бірінде тұрып жатқан Асқар Ерімбетұлы тиістілер тарапынан еш әрекет жоғын айтып налыды.
– Қазалыда жауын жаумайды, бірақ бір жауса толастамайды. Бұрын бір патшалықта қуаңшылық болып, еккен егін еңбекті ақтамапты. Кеңесшілерін жинап, әрі-беріден соң амалы қалмаған патша Құдайдан жауын тілесе, сол елдің жағдайы нашар, үйінің шатыры тесік тұрғыны керісінше, жауынның жаумағанын тілейді екен.
Біздің ауданда тура осы жағдай. Егіншілер жауын жаусын десе, біздер жаумаса екен дейміз. Себебі су кешіп, батпақ басып, мына көшелермен жүру тіпті мүмкін емес. Мұның бір амалын табар уақыт әлдеқашан жетті. Осы маңды тұрғындар болып, құм-таспен тегістейміз арасында. Батпақтың бетін жаппаққа әрекет етіп. Айтып та, жазып та жатырмыз осы мәселе бойынша. Әлеужеліні қарасаң орталықтағы бірең-сараң көшені көз етіп суын тартып қояды. Ал шындығында нәтижелі жұмыс жоқ. Тиістілер үнсіз, – дейді тұрғын.
Мұндағы балшықты белшеден кешіп жүргендердің мәселесін айтып барар жері, басар таулары қалмаған. Талай арыз жазып, талай кабинеттің есігін қаққанымен нәтиже жоқ. Айтуларынша, ақ жағалылар үнемі "шешіледі, сәл күтіңіздер" деп шығарып салатын көрінеді. Балшыққа белшеден батқан жұрттың базынасы бос қайта бос уәде мен қайта ма екен? Не де болса, іс әрі қарай құзырлылар қолында.
Серік АҚМЫРЗА
26 желтоқсан 2023 ж. 474 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930