Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүргінші жолы жыр болды

Жүргінші жолы жыр болды

«Айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды». Бұл сөзді бүгін «Бағланова көшесінің тұрғындары базынасын баяндай-баяндай, шаршады» деп ауыстыруға тура келіп тұр.
Себебі бірнеше жылдан бері аталған көшенің тұрғыны Ерназар Қожамұратов жол жиегіне жүргінші жолын салдыра алмай келеді. Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевқа алғашқы өтінішін 2021 жылы жазған тұрғын: «Бұрынғы әкім Мұрат Ергешбаев мырза 2018 жылы Р.Бағланова көшесінің екі жағынан 4,5 шақырым аяқ жол салынады деген болатын. Газетке де жарияланды. Сол жылы уәде бойынша аталған көшеден солтүстікке қарай 1,5 шақырымдай аяқ жол салынды. Ал оңтүстікке қарай салынбай қалды. Содан 2019 жылы 13 ақпанда әкім халықпен кездесуінде аяқталмаған жұмыс жалғасын табады деп уәде еткен. Алайда сөз іс жүзінде орындалмады», – деп жазады. Билік басындағылар «жоқ, жасалынбайды» демеген, «жоспарда бар» деп тілегін айта келген тұрғынды қуантып қойыпты. Бұдан бері де үшінші жылға қарап барады. Орындалған жұмыс жоқ. Ашынған тұрғын газет редакциясына келіп, «Халықтың жайын ойламайтын әкім-қараларға қарны ашатындығын» жеткізді.
– 1990 жылға дейін көшемізде су ағатын арық, екі жағында аяқ жол болатын. Егемендік алғалы аяқ жол да, арық та жоқ. Көшемізде жарты метр биіктікте асфальт төселген машина жол бар. Жаңбыр жауса, сонымен жүреміз. Балалар мектепке қатынағанда машина жол өте қауіпті. Аудан басшысының қабылдауында болып, тұрғындарға қажет деген дүниені айттым. Ертеңіне әкім өзі келіп, көшенің жай-күйін көрді. Мамандарға тапсырма беріп, «келесі жылдың бюджетіне кіргіземіз» деп уәде еткен. Ол да қағаз күйінде қалды, – дейді Бағланова көшесі, №56 үйдің тұрғыны Ерназар Қожамұратов.
Ер кезегі үшке дейін деген тұрғын үшінші мәрте өтініш жазуға бел буады. Айтары сол баяғы тротуар. Бұл жолы кент әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың қолы қойылған жауап хат жолданыпты. Онда: «Сіздер тұратын Р.Бағланова көшесіне (Әйтеке би – Төле би көшелерінің аралығы) жалпы ұзындығы – 490 метр болатын жаяу жүргіншілер жолын салу үшін қажетті қаражат көлемі (2 млн 924,4 мың теңге) бөлінді.
Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Алдағы уақытта жеңімпаз атанып, мердігер мекеме анықталған жағдайда тиісті жұмыстар жүргізіліп, жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады» делінген. Өткен жылдың қыркүйек айының сегізінде жазылған жауап хаттың жайы осындай. Бірақ бүгінде Бағланова көшесі бәз-баяғы қалпында. Жаяу жүргінші жолы жоқ.
Ал бізде «Уәде – құдай аты» демей ме? Неге халықты алдарқатып, үміттендіреді. 500 метр жол салуды осынша уақыт жыр қылғандары қайткендері?» – деп қамыққан тұрғынның тілегі тағы да тасада қалмаса деген тілек бар.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
14 ақпан 2023 ж. 410 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930