Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол салудың маңызы зор

Жол салудың маңызы зор

Өткен жылдың соңында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жол жөндеу жұмыстарын созбалаңға салуға болмайтынын және жобаларды жүзеге асыру барысын қатаң бақылауға алу қажет екенін айтқан еді. Осыған орай ауданда көптеген көшелердің жолы қайта жөнделіп, кейбір көше тұрғындары жаңа асфальттың игілігін көруде.
Биыл аудан орталығы – Әйтеке би кентіндегі 7 көше асфальтталатын болады. Қазіргі таңда сол жеті көшенің бірі – Асан қайғыда жол салу жұмыстар қызу жүріп жатыр.
Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш аталған көшенің жұмысын жеңіп алған мердігер мекеменің жауапты қызметкерлерімен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Мұндағы тұрғындар алғысын алып, қарамайды жылтырата төсеуді мердігер мекеме «Қазалы Жолшы» ЖШС атқаруда. Аталған көше құрылысына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 17,5 миллион теңге бөлінген.
Аудан басшысы сала мамандарына белгіленген жұмысты асқан жауапкершілікпен бақылап, сапалы аяқтау қажеттігін тапсырды.
– Жол салу – өте маңызды істердің бірі. Сол себепті сапасына мән беріп, әрбір істі тиянақты жасауымыз қажет, – деді аудан әкімі М.Әуесұлы.
Бүгінде Асан қайғы көшесінің жұмысын қолға алған мамандар асфальтын төсеуде. Бұған аталған көшені мекендеген ағайын да дән риза. Олардың айтуларынша, осы маң жауын жауған күні шалшыққа айналады екен. Енді міне көптен күткен асфальт та төселіп, тұрғындар көңілі бірлеп қалды.
– Асан қайғы, одан әрірек жатқан көшелер жауын жауса ми батпаққа айналады. Бұл осындағы қариялардың жүріп-тұруы мен балаларымыздың мектепке немесе дүкенге қатынауына көп кедергі жасайтын. Бүгін міне асфальт төселіп жатыр. Бұрынғыдай күйбең тірліктегі әрлі-берлі қозғалыста еш мәселе туындамайды деп ойлаймыз. Елдің, көптің сөзін елеп, көшені қалпына келтіріп жатқан жергілікті әкімдікке көп рақмет! – деп ризашылығын жеткізді көше тұрғыны Алтынбек Қонысов.
Бұдан бөлек құрылысы басталған көшелер қатарында 5-квартал аумағындағы Ы.Алтынсарин көшесі де бар. Құрылысы жүріп жатқан көшеге «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 30,5 миллион теңге бөлінген. Мердігер мекеме – «Нұрас и К» ЖШС.
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысқан аудан әкімі аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Мұрат Әбсұлтановқа құрылыс қатаң бақылауда болуы керегін айтты.
Айта кетейік, Әйтеке би кенті әкімі Қайрақбай Орынбасаровтың айтуынша, жақын арада кент ішіндегі бірқатар көшелерге қиыршық тас төселмек.
Серік ӘЛИҰЛЫ
15 сәуір 2023 ж. 225 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930