Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құбыжық ойыншыққа бала неге құмар?

Құбыжық ойыншыққа бала неге құмар?

Фото
Бүгінде базар мен сауда үйлерінің сөрелері бала түгілі ересек адамның жан-дүниесін түршіктіретін ойыншықтарға лық толы. Соның арасында балақайлардың сүйікті қуыршағы – Хаги Ваги мен түрлі құбыжық және стреске қарсы былқылдақ резинадан жасалған әрі оны қыссаң (әрине агрессиямен) дене мүшелері ісінетін басқа да ұсқынсыз ойыншықтардан көз сүрінеді.
Алайда осы ойыншықтарға баланың барлығы дерлік неге қызығады? Бұлардың пайдасынан гөрі зияны басым. Мұндай ойыншықтар заңға сай ма?

Зұлымдық белгісіндегі кейіпкерлер көбейді

– Бұл күнгі сәбилер бұрынғыдай барби қуыршақтар мен роботтарға қызығушылығы жоқ. Әсілінде кез келген ойыншықтың өзіндік мән-мағынасы болуы тиіс. Үрейлі эмоция бөлетін емес, жүзінен мейірім төгіліп тұруы тиіс, – дейді Жанқожа батыр атындағы №70 мектептің педагог-психологы Айгүл Жұбаназарова.
Нарықты зұлымдық белгісі бар ойыншықтар жаулап алды. Бұлар қатыгездік пен ашушаңдықты қажет ететін сюжеті бар ойындарға итермелейді. Олардың қатарына құбыжықтар, робот-трансформерлері, жан-жануарлардың қорқынышты түрлері, болмысы үрей туғызатын қуыршақтар енетіндігін жеткізді. Басында бұндай ойыншықтар баланың қорқынышын жеңу тәсілі ретінде бағалануы мүмкін. Десек те түн болғанда баланың ойында әлгі ойыншықтар тіріледі. Нәтижесінде бала жиі шошыну әсерінен ұйқысы бұзылады.
– Ғылыми тұрғыдан алғанда сәбилерге теледидар мейлі «You Tube» болсын 3 жастан бастап көрсету рұқсат етіледі. Одан ерте қаратуға тыйым салынғаны жөн. Өйткені бала санасына кері әсерін береді. Себебі сәбилер бұл кейіпкерлердің іс-қимылына қарап, өлтіру, ұрып-соғуды қалыпты деп қабылдайды. Мысалы, балалардың қызыға жабысатын Хаги-ваги бейнесі тісі ақсиып, агрессияны білдіреді. Бұны көріп өскен сәби агрессияны қалыпты жағдай деп түсінеді. Осыдан кейін ол кез келген нәрсеге ашуға булыға агрессиямен жауап беретін болады. Содан шығар тұжырым, өсе келе адамда психологиялық бұзушылық қайдан пайда болды дегенге дұрыс қарамаудың әсері екенін ескеру керек. Бөбектер сәби кезінде ойынға қанып өсуі тиіс. Дегенмен кішкентай балаға өзінен үлкен және қорқынышты кейіптегі ойыншық алып беруге болмайды. Өзімен бірдей көлемдегі де жарамайды. Тек қолына ұстай алатын, өзінен кішкентай ыңғайлы болғаны жөн. Себебі ойнағанда, оны ұстап көреді. Аузына салады. Дәм сезу мен көру қабілетін дамытады. Саусақ қимылын қалыптастыру мен моториканы дамытып, ми жұмысын арттыру үшін конструктор, шылдырмақ сынды дүниелерге талғаммен қарау керек. Бала үш жасқа дейін тек ойыншықтармен алаңдағаны тиіс. Сондықтан балаға үш жасқа дейін мултьфильм және түрлі дүние телефон мен теледидар көрмеуі тиіс. Себебі қиялы шатасып, өзі түсінбейді. Өйткені ми бәрін қабылдай береді. Қызылды-жасылды бейнелер, оны шатастырады. Миы артық ақпаратпен толып қалады. Үш жастан соң көруіне рұқсат. Бірақ ата-ана қадағалауымен және көрсетілген жағдайды түсіндіріп отыруы міндетті. Өйткені бұл шақта баланың тілі шыға бастайды. Сөздер құрап, сөйлем айтады. Соған қосымша көмекші құрал іспеттес. Оның да шектеулі уақыты бар. Яки 20-25 минут ғана, – дейді Айгүл Жұбаназарова.
Маманның айтуынша, құбыжық ойыншықтарға балалардың қызығушылығын «You Tube» арнадағы кейіпкерлердің ойыншығынан көріп, көзі үйренгендіктен одан қорықпай, дәл сондайды алуды көздейді.
Қолдан жасалған қорқыныш баланың дамуына кері әсер етеді. Көңіл-күйі, ой-санасы зардап шегеді. Мінез-құлқы өзгеріп тұйықталады. Кейбірі ашушаң болуы мүмкін. Зейіні нашарлайды. Бала есейгенде бұл қорқынышы сейілгенімен, бейсанасында қалады. Бұдан үлкен комплекске әкеледі.
Психологтың дабылынша, қазір түсініксіз мултьфильмдер көбейіп барады. Скибиди унитаздан адамның басын шығарып қойған дәретхана кейіпкерін қызықтайды. Сосын оның бейнесін салып, бояп, рахат күйге түседі. Ата-ана: «Жұмысбастымын. Шаршаймын. Балаларыма қарауға уақытым жоқ» деген сылтаудан арылғаны абзал. Уақыт тауып, кешке жатарда балаға ертегі айтса, бесік жыры мен халық әндерін шырқап берсе, оның санасында қатталып қалады. Сонда болмысы ашыла түседі. Сонымен бірге отбасылық құндылық дейміз. Ал оны қалай құрамыз? Заңдылығы, не ережесі бар ма? Кім қалай отбасы тәрбиесіне мән береді?
Бұған орай әрбір шаңырақ түрлі тәсілмен бала мінез-құлқын қалыптастырады. Дастархан басын киеге санаған елміз. Ас мәзірі дайындалғанда жанұя мүшелері толық жиналуы тиіс болатын. Өйткені бас қосқан жерде бала санасында қатталатын өнегелі өсиет сөздер айтылатын болған.

Үрейлі қуыршақтан қауіп бар ма?

Бала дәл қазір ойнап отырған ойыншығымен тығыз байланыста болады. Ол ойыншығы үшін шешім қабылдайды. Сол ойыншық болып әлемді таниды. Кейін соның қабілеттері мен мінезін өз бойына көшіреді.
Нарықта сатылымда жүрген құбыжықтардың түрі қорқынышты болғанымен, жүрегі мейірімді. Бұл баланың жақсы мен жаманды ажыратуына кері әсер етеді-міс. Жалпы ойыншық – бала өмірге келгеннен бастап оның дүниетанымына әсер ететін бірден-бір зат. Тек ермек құралы емес, тәрбиеге де әсері ұшан-теңіз. Ойыншықтың арқасында бала әлеуметтік тәртіпке үйреніп, өзін жеке тұлға ретінде дамытады. Табиғат заңдарын таниды. Ойыншық көмегімен бала ересек өмірінде қажет болатын қабілеттерді меңгереді.
– Бала үнемі өмір тек жақсы дүниелерден құралған деп қабылдата бермей, арасында үрейлі кейіпкерлерді алып бергеннің аса қаупі бар деп ойламаймын. Ол да ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін көріп өскені дұрыс деп қабылдаймын, – дейді ата-ана Анар Қасқырбаева.
Мұндай пікірдегі ата-аналар қарары аз емес. Олардың пікірін мамандар қоштауда. Ойыншық өздігінен балаға жамандық тигізбейді. Бала ойыншықпен қалай ойнайды – сол маңызды. Бұл – ата-ананың жұмысы. Ата-ана дұрыс түсіндірген жағдайда ойыншық балаға зиян емес екен.
Солай бола тұра бұған қарсы ата-аналар да табылады. Олардың пікірінше, аталған ойыншықтар мәдени және ұлттық құндылықтарды жойып, келешек ұрпақтың санасын улайды.
– Байқасаңыз, қорқынышты қуыршақтар қазір трендте. Сондықтан оған тыйым салудың қажеті жоқ. Бала не үрей туғызады, не қорқынышты емес ажырата білгені жөн. Осындай ойыншықтармен ойнағандар бойындағы үрейді жеңеді. Тек үш жасқа дейінгі балаларға ойнауға болмайды, – дейді мамандар.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА





19 желтоқсан 2023 ж. 227 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930