Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Судьялар арасында құқықтық турнир өткізілді

Судьялар арасында құқықтық турнир өткізілді

Жақында Қызылорда облыстық сотының 85 жылдығы аясында облыс соттарының судьяларының арасында құқықтық турнир өткізілді.
Сайыстың мақсаты - мерейтойды атап өте отырып көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлау, судьялардың креативті ойлауын дамыту болды.
Турнирге Қызылорда қалалық, Байқоңыр қалалық, Қазалы, Сырдария аудандық соттарынан құрылған - «Самрұқ» командасы, №2 қалалық, мамандандырылған қылмыстық, кәмелетке толмағандардың істер жөніндегі соттардан, тергеу және Арал, Қармақшы соттарынан құрылған - «Аралас-Court» командасы, мамандандырылған әкімшілік, экономикалық, әкімшілік құқық бұзушылық, Жаңақорған, Шиелі, Жалағаш аудандық соттарынан құрылған - «Қыран» командасы қатысты.
Сайыс сәлемдесу, сергіту, әділдік пен заңдылықты ұштастыру – үй тапсырмасы деп аталатын 3 кезең бойынша өткізілді.
Сәлемдесуде командалар өздерін таныстырып, соттардың жетістіктері мен жаңашылдықтарын ән-күймен әсерлі жеткізе білді.

Ал, сергіту кезеңі викторина түрінде өтті. Әр команда екі сұрақтан қойып, жылдам жауап беріп, өздерінің білімдері мен біліктіліктерін ортаға салды.
Әділдік пен заңдылықты ұштастыру - үй тапсырмасы кезеңінде әр команда билердің дау шешу барысындағы әділдікті іске асыруын, заңдарды қолданудағы шеберлігін, шешендігін, әділеттілігін жеткізетін көріністерді көрермен назарына ұсынды.

Турнир барысында ардагерлерге құрмет көрсету мақсатында сот жүйесінде ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, саланың дамуына ерекше еңбек сіңірген ардагерлерімізге сый-сияпат көрсетілді.
Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орынды «Қыран» командасы иеленді. «Көрермен көзайымы» номинациясымен Арал аудандық сотының төрағасы Камшат Садуақасова, «Өнерлінің өрісі кең» номинациясымен Шиелі аудандық сотының судьясы Жолдыбаев Айдос, «Үздік викториналық сұрақ» номинациясымен «Самрұқ» командасы, «Үлкенге құрмет» номинациясымен «Қыран» тобы марапатталды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
фото Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі
06 желтоқсан 2023 ж. 172 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031