Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы қаласының тұрғындарымен кездесу өтті

Қазалы қаласының тұрғындарымен кездесу өтті

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың тоқсан сайынғы тұрғындармен кездесуі соңына таяды. Ауылдық округтердің барлығына табан тіреген аудан басшысы бүгін Қазалы қаласына аялдады.
Халықпен жүздесудің басын Қызылорда облысының 85 жылдығы және Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойымен бастаған Мұхтар Әуесұлы жуырда ғана даталы мерекенің кең көлемде тойланғанын айтып, маңызды сәтте бірлесе білген барша жұртқа алғысын айтты.
Мұнан соң жыл басынан бергі ауданда атқарылып жатқан жұмыстарды тізбектеп, алда шешілетін мәселелер мен жоспарларды тілге тиек етті.
Кезек қалалық ағайынның ұсыныс-пікіріне ұласқанда бірқатар түйіні тарқатылмай түйткілдер ортаға салынды. Тоқталсақ, Қазалы қаласындағы жолдар тұрғындардың көңілінен шықпайды екен. Сол секілді осындай бірқатар талап-тілектер айтылды.
Аудан басшысы өз кезегінде тұрғындар тарапынан жеткізілген ұсыныстардың барлығы орынды екенін айтып, аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті.
Кездесу қорытындысында Қазалы қаласындағы бірнеше азаматтар мен азаматшалар Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арнайы дайындалған төсбелгімен марапатталды.
Айта кеткен жөн, аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Қазалы қаласындағы халықпен кездесуі кезінде жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың мәселелерін тыңдады. Соған сәйкес тиісті сала мамандарына тапсырма жүктеп, шешілу жолдарын қарастыруды талап етті.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2023 ж. 318 1

Kimberly от 29 мамыр 2025 21:13
Reliable tips, Regards. casino en ligne Thanks a lot, A lot of content! casino en ligne With thanks! Valuable stuff. casino en ligne fiable Whoa loads of excellent knowledge. casino en ligne Thanks a lot! Lots of data. casino en ligne francais Nicely put. With thanks. casino en ligne With thanks, Ample knowledge! casino en ligne Terrific information, Thanks. casino en ligne Nicely put, Thanks. meilleur casino en ligne Thank you, Lots of tips. casino en ligne

Аудан тұрғындарының назарына

11 желтоқсан 2025 ж. 185

Шәкен ауылына су келді

11 желтоқсан 2025 ж. 120

Маңызды ақпарат

11 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031