Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлықты әйел – ұлт ұйытқысы

Ұлықты әйел – ұлт ұйытқысы

Жақында Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында «Ұлықты әйел – ұлт ұйытқысы» атты аймақ әйелдерінің қатысуымен ашық есік күні өтті. Басты мақсаты – өмірі мен еңбегі өнегелі әйел-аналарды ардақтауға арналған басқосуда Қазалы ауданының әйел-аналарынан құралған делегация құрмет төрінен көрінді.
Тағылымға толы шараға аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов арнайы барып, нәзік жандылардан құралған делегацияның жұмысына сәттілік тіледі. Делегацияны аудандық Әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Асанова бастап барды.
Рухани құндылықтарға толы шара барысында Қазалы ауданының 95 жылдық мерейтойына арналған ұлттық қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылып, «Өнеге» әжелер ансамблі ән мен жырдан шашу шашып, шараға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мұнан бөлек аудан аналары ұлттық тағам түрлерінен ас мәзірін дайындап, келген қонақтарға концерттік бағдарламаларын да ұсынды.
Сонымен қатар «Мирас» әжелер клубы, «Бойтұмар» және «Жас отау» қыздар клубтары қазақтың салт дәстүрі мен ұлттық құндылықтары жайында ой қозғап, бір-бірімен тәжірибе алмасты.
Алқалы жиын соңында нәзік жандылар қауымы Сыр аналарының басын қосып жас ұрпақ үшін өнегелі басқосы ұйымдастыруға қолдау білдірген аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевқа өз ризашылықтарын жеткізді.
Айта кетейік, алдағы уақытта руханиятқа толы «Анаға тағзым» орталығында дәл осындай ашық есік күні басқа аудандардың әйел-аналарының қатысуымен жалғасын табатын болады.
«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
12 қараша 2023 ж. 256 0

Орманға қорған

21 қазан 2025 ж. 136

«Озат аудан» атандық

21 қазан 2025 ж. 139

Айнұр олжалы оралды

21 қазан 2025 ж. 143

Рухани шамшырақ иесі

21 қазан 2025 ж. 126

Мал баққанға бітеді

21 қазан 2025 ж. 123

Ұйқыдағы үрей

21 қазан 2025 ж. 140

Алма ауызға түспейді

21 қазан 2025 ж. 135

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031