Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдық әйелдер кеңесінің форумы өтті

Ауылдық әйелдер кеңесінің форумы өтті

«Әйел- күннің шуағынан жаралған» деп ақындарымыз текке айтпаса керек. Аналарымыздың қолы тимейтін мамандық жоқтың қасы. Отбасымен қатар, қоғамдық ортада, кәсіпкерлікте, саясатта жүрген аналарымыз баршылық. Сондай-ақ, қазақ әйелдерінің қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, әлеуметтік мәселелердің шешімін табуға атсалысуы таңсық емес.
Бүгін Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, қала, кент және округтік әйелдер кеңесінің төрайымдары мен кеңестің құрылтай мүшелерінің қатысуымен ауылдық әйелдер кеңесінің форумы өткізілді.
Мерекелік жиынның барысы, «Аналардың қолымен» атты көрмені тамашалаумен басталды. Форумға Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Даурен Тілеумбетов пен Қызылорда облысының әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова арнайы қатысты.
Басқосуды аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Роза Шорақызы ашып, жүргізіп отырды. Форумда сөйлеген құттықтау сөзінде аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов: аналар құқығын қорғау, сондай-ақ, көпбалалы әйелдер мен тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсету қарқынды жүргізіліп жатқанын тілге тиек етіп, форумға қатысушыларды мерейлі мерекемен құттықтады.
Мұнан соң, форумға қатысушы аналарды, аудан әкімінің орынбасары Даурен Тілеумбетов пен Қызылорда облысының әйелдер кеңесінің төрайымы Райкүл Байназарова арнайы алғыс хаттармен марапаттап, сый-сияпаттар табыстады.
Жиын соңында, әйелдер кеңестерінің төрайымдары мен құрылтай мүшелері Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жаңа Қазақстанды құру жолындағы бастамаларына қолдау білдіріп, Үндеу жариялады.

Үндеуде қазақстандық әйелдерді ұлт дамуының, ұлт тәрбиесінің ұйытқысы болуға, мемлекеттік отбасы саясатын қолдауға, іскерлік пен азаматтық белсенділікке және Жаңа Қазақстанның қалыптасуына үлес қосуға шақырған.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
05 наурыз 2022 ж. 296 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031