Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мереке қарсаңындағы марапат

Мереке қарсаңындағы марапат

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі. Осы кәсіби мерекеге орай өткен аптада аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен салтанатты шара өтті.
Жиынға сала ардагерлері, әлеуметтік мекеме басшылары, әлеуметтік медициналық қызметкерлер мен жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысты.
Жиналғандарды кәсіби мерекемен құттықтаған аудан басшысы:
– «Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады» дейді халық даналығы. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы жағдай жасау – біздің қоғам алдындағы маңызды міндет.
Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке «Әлеуметтік кодекс әзірлеу» жұмысын бастауды тапсырды.
Мемлекет тарапынан жылдан жылға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп, қызмет көрсету сапасы мен көлемі артып келеді. Осы қызметтердің барлығы сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында жүзеге асуда, – деді.
Басқосуда жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ардагері А.Қосжанов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тынымбаева, Қазақстан ­Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Одан бөлек аудан әкімінің Алғыс хатына аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әдіскерлері Р.Мұзатов, Б.Сәдір, А.Жанат, Ж.Қалжан, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қазалы аудандық бөлімінің бас мамандары А.Күншығар, Қ.Қылышбай, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мейіркеші Д.Ерқабылов, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы Е.Қожабайұлы, Халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Ә.Әбілов, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының мейіркеші Р.Сисенбиева, Әйтеке би кенті, Қазалы қаласы және Аранды, Майдакөл ауылдық округі әкімдігі аппараттарының әлеуметтік қызметкерлері М.Ідіріс, Ж.Рысжанова, Н.Алтай, А.Өтемісова ие болды.
Шара соңында сала ардагері Ж.Жалғасбай және аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Тұрым сөз алып, кәсіби мереке иелерін құттықтады.
Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай атсалысып жүрген әрбір қызметкер қандай құрметке де лайық екені даусыз.

А.ЖОЛТЕРЕК
04 қараша 2020 ж. 426 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 67

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930