Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Елімізде қазан айының соңғы жексенбісінде Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні аталып өтіледі.
Осы кәсіби мерекеге орай бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен салтанатты шара болып өтті.
Салтанатты шараға аудан әкімінің орынбасары Ә.Әбиев, сала ардагерлері, әлеуметтік сала басшылары, әлеуметтік медициналық қызметкерлер мен жұмыспен қамту орталықтарының мамандары қатысты.
Қатысушыларды кәсіби мерекемен құттықтаған аудан басшысы өз сөзінде:
- «Мейірім жүректен шығады, пейіл тілектен туады» дейді халық даналығы. Тағдыр жазуымен егде жаста жалғыз өмір сүруге мәжбүр қарттар мен дерттері жас талғамайтын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін ыңғайлы жағдай жасау – біздің қоғам алдында тұрған маңызды міндет.
Бұл ретте ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында Үкіметке «Әлеуметтік кодекс әзірлеу» жұмысын бастауды тапсырды.
Мемлекет тарапынан жылдан жылға халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жетілдіріліп, қызмет көрсету сапасы мен көлемі артып келеді. Әрине, осы қызметтердің барлығы Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында көрініс беруде, - деп ризашылығын жеткізді.
Салтанатты шарада жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ардагері А.Қосжанов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Тынымбаева Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалімен марапатталды.
Аудан әкімінің «Алғыс хатына» аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әдіскерлері Р.Мұзатов, Б.Сәдір, А.Жанат, Ж.Қалжан, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Қазалы аудандық бөлімінің бас мамандары А.Күншығар, Қ.Қылышбай, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының мейіркеші Д.Ерқабылов, Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы Е.Қожабайұлы, Халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Ә.Әбілов, «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының мейіркеші Р.Сисенбиева, Әйтеке би кенті және Қазалы қаласы әкімі аппараттарының әлеуметтік қызметкерлері М.Ідіріс пен Ж.Рысжанова, Аранды және Майдакөл ауылдық округі әкімі аппараттарының әлеуметтік қызметкерлері Н.Алтай мен А.Өтемісова ие болды.
Шара соңында сала ардагері Ж.Жалғасбаев және аудандық «Мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Тұрым сөз алып, кәсіби мереке иелерін құттықтады.
Айналасынан жәрдем күткен азаматтардың қайғысы мен қиындығын бөлісіп, бірге еңсеруге аянбай еңбек етіп жүрген әрбір қызметкер қандай құрметке де лайықты.
Кәсіптеріне адалдықпен қараған жандарды мерейлі мерекесімен және марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
31 қазан 2020 ж. 802 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 79

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 81

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 65

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930