Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мерейлі мерекедегі марапат

Мерейлі мерекедегі марапат


Елімізде әлеуметтік қолдауға мұқтаж жандардың қасынан табылып, әркез көмек қолын созатын мамандық иелері – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері.
2011 жылдан бастап жыл сайын сала қызметкерлері кәсіби мерекелерін қазан айының соңғы жексенбісінде тойлап келеді.
Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Әдетте жалғызбасты жандар, көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер мен жетімдер көмекке мұқтаж. Мұндай адамдар тек материалдық қана емес, сонымен қатар адамзат жылуын, қамқорлығын, жылы сөздерді қажет етеді. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлер, сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Бүгінгі мере­кенің атап өтілуі де жанқиярлық еңбектеріңізбен тынымсыз қамқорлық жасап отырған сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі. Әлеуметтік сала қызметкерлерін, ардагерлерді мейраммен шын жүректен тағы да құттықтаймын. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң аудан басшысы жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар қызметкерлерді облыс және аудан әкімі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшы­сының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар салтанатты шарада әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагері Жаппарберген Жалғасбаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.
Әлеуметтік сала қызмет­керлерінің мерейін үстем еткен көңілді кеште өнерпаздар әннен шашу шашып, көпшіліктің көңілін көтерді.

Абзал ЖОЛТЕРЕК
Фото Нұрлан ҚАНАТ
01 қараша 2022 ж. 253 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930