Жыр жүйрігі Жетіскен

Жуырда аудан әкімі Мұхтар Оразбаев сала қызметкерлерін төл мерекелерімен құттықтады.
– Әдетте жалғызбасты жандар, көп балалы аналар, аз қамтылған азаматтар, мүгедектер мен жетімдер көмекке мұқтаж. Мұндай адамдар тек материалдық қана емес, сонымен қатар адамзат жылуын, қамқорлығын, жылы сөздерді қажет етеді. Бұл ретте әлеуметтік қызметкерлер, сіздердің еңбектеріңіз өлшеусіз. Бүгінгі мерекенің атап өтілуі де жанқиярлық еңбектеріңізбен тынымсыз қамқорлық жасап отырған сіздерге деген шынайы құрметтің белгісі. Әлеуметтік сала қызметкерлерін, ардагерлерді мейраммен шын жүректен тағы да құттықтаймын. Отбасыларыңыз аман, дендеріңіз сау болсын, – деді Мұхтар Әуесұлы.
Мұнан соң аудан басшысы жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бірқатар қызметкерлерді облыс және аудан әкімі, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының Алғыс хаттарымен марапаттады.
Сонымен қатар салтанатты шарада әлеуметтік қорғау жүйесі саласының ардагері Жаппарберген Жалғасбаев құттықтау сөз сөйлеп, игі тілегін білдірді.
Әлеуметтік сала қызметкерлерінің мерейін үстем еткен көңілді кеште өнерпаздар әннен шашу шашып, көпшіліктің көңілін көтерді.
Абзал ЖОЛТЕРЕК