Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде

Қызылордада 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер еңбек етуде

Kyzylorda-news-kz. Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні болып атап өтілуде. Бүгінде облыста 2 мыңнан астам әлеуметтік қызметкер қамқорлықты қажет етуші мүгедектерге, зейнеткерлерге және халықтың басқа да осал топтарындағы мыңдаған адамға қызмет көрсетіп келеді.
Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жанар Дәулетбаева хабарлады.

- Әлеуметтік қорғау жүйесі – халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау, мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстарын атқарып келеді. Сондай-ақ, облыс орталығында еңбек мобильділігін қамтамасыз ететін арнайы орталық ашылды. Ал бұған дейін қала мен барлық аудандарында жұмыс істеп келген халықты жұмыспен қамту орталықтары енді «Мансап» мекемесі болып қайта құрылды. Бұдан бөлек, 30 мыңнан астам жаңа жұмыс орынын ашу жоспарланып, бүгінге дейін 27 мыңнан астам азамат жұмыспен қамтылды. Ал жекелеген санаттағы әлеуметтік қолдауды қажет ететін 13 мыңнан астам адамға әлеуметтік төлемдер төленді. Сонымен қатар әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 27 546 мүгедектігі бар азамат техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз етілді, - деді Жанар Жұмабекқызы.

Брифинг барысында Қызылорда облысы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті басшысының орынбасары Төреахмет Жолымбетов жыл басынан бері атқарылған жұмыстарға тоқталып, азаматтарға көрсетілген әлеуметтік қамсыздандыру бағыты бойынша жүргізілген шараларды баяндады.

- Облыс бойынша жыл басынан бері республикалық бюджеттен 270 мыңнан астам адамға жалпы сомасы 128,4 млрд теңге көлемінде зейнетақы және әлеуметтік жәрдемақы төленді. Сондай-ақ, 15 мемлекеттік қызмет түрі бойынша 90 189 азаматқа тиісті қызмет көрсетіліп, 90 189 құжат бекітілді. Осыған сәйкес, тағайындалған зейнетақы мен жәрдемақының 44 456 –і жаңадан рәсімделді, - деді Төреахмет Сайлаубайұлы.
28 қазан 2023 ж. 98 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 73

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930