Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жауапты міндеттің жүгін көтергендер

Жауапты міндеттің жүгін көтергендер

Қазалы қалалық мәдениет үйінде әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай «Әлеуметтік қызмет – қастерлі міндет» тақырыбында мерекелік кеш өтті. Шараға Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұжымы және сала ардагерлері мен қала тұрғындары жиналды.
Қазіргі уақытта Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұжымының мүшелері қызмет алушылармен әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес жеті бағытта жұмыс істеп келеді. Бұнда 18 жастан асқан қамқорлықты қажет ететін I-II топтағы психикалық ауытқуы бар мүгедек жандарға Жаңабай Жәкенов басқаратын орталықтағы 114 жұмысшы-қызметкер тәулік бойы тиімді жағдай жасайды.
Құрылғанына биыл 15 жыл толған мекеме ғимаратына 2015 жылы облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға тек ғана құрылыстық материал алынып, бірінші қабаттағы аяқталмаған жөндеу жұмысы орталық жұмысшы-қызметкерлерінің күшімен атқарылған. Палаталарға тұтастырғыш құйылып, қабырға түсіріліп қайта сыланды. Терезелер тазаланып, сырланып, ұлтанға леноним төселген. Қызмет алушылардың жатын орындары жайлы қалыпқа келтірілген. Орталықтың сыртқы кіріп-шығу сатысы да түгелімен қайта құйылған.
Мекеме ауласы қоршалып, жаяу жүргінші мен тас жолға асфальт төселген. Аулада қызмет алушылар демалатын күркелер мен көмкермелер орналасқан. Жаз мезгілінде тал мен жеміс ағаштары жайқалып, ерекше әсерге бөлейді. Әр жыл сайын жаңасы егіліп, барлығы мұқият күтімге алынады. Кіре-берістегі гүлзарлар да көздің жауын алады. Айналаны әсемдікке бөлеп, қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасауда әлеуметтік қызметкерлердің еңбегі ерекше. Қиын да жауапты жұмыстың жүгін арқалаған сала мамандарын аудан әкімінің орынбасары Әлімжан Жарылқағанов құттықтап, аудан әкімінің, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының Алғыс хатын тапсырды.
Қызылорда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева мереке иелеріне деген лебізін білдіріп, дендеріне саулық, еңбектеріне табыс тіледі. Басқарма басшысының орынбасары аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары Баянгүл Төлегенова мен жұмыспен қамту орталығының маманы Алтынбек Төрехановқа Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Жұмыспен қамту орта­лығының үздігі» төсбелгісін тақты. Қызылорда қаласында өткен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен интернаттары арасындағы спорттық сайыста командалық есепте бірінші орын алған Қазалы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ұжымы мен жүлдегер спортшылар марапатталды. Сонымен қатар бірқатар сала маманына Қазалы қаласы әкімінің, мекеме басшысының Алғыс хаты табыс етілді.
Мерекелік кеш концерттік бағдар­ламаға ұласып, өнерпаздар әсем әннен шашу шашты.

Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
03 қараша 2018 ж. 2 215 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 64

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930