Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін Қазақстанның кейбір қалаларында бұршақ жауады

Бүгін Қазақстанның кейбір қалаларында бұршақ жауады

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 18 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы күн райы сақталады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, сондай-ақ күшті жел, дауыл, бұршақ болады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. 15-20 м/с екпінмен соққан желдің жылдамдығы күндіз 23-28 м/с жетуі ықтимал. Күндіз Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің екпіні 23 м/с күшейеді.
Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с жетеді. Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай түседі. Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, 15-20 м/с жел тұрады. Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болуы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Сондай-ақ Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Қызылорда, Атырау, Ақтобе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

18 маусым 2018 ж. 2 651 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930