Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 5 сәуірде Қазақстанның кей жерінде жаңбыр жауады, тек солтүстік және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін. Республиканың кей жерінде желдің күшеюі, тұман, оңтүстік бөлігінде дауыл көтеріліп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі «Қазгидромет» РМК синоптиктеріне сілтеме жасап.

Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл тұрады, жел 15-20 м/с дейін күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Алматы облысының кей жерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, ал күндіз Жалаңашкөл ауданында екпіні 23-28 м/с жетеді.

Отүстік Қазақстан облысының кей жерінде түнде және таңертең жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсуі ықтимал.
05 сәуір 2018 ж. 1 326 0

Деген екен

15 ақпан 2025 ж. 88

Бауыржанның батырлығы

15 ақпан 2025 ж. 92

Ол күндер ұмытылмайды

15 ақпан 2025 ж. 94

Ауғанның отты жылдары

15 ақпан 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728