Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мониторинг жұмыстары жүргізілді

Мониторинг жұмыстары жүргізілді

«AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген негізгі жобалар партиялық бақылауға алынып, партиялық бекеттер орнатылған. Қазалы ауданында қазіргі таңда дәл осындай 7 нысанда партиялық бақылау бекеті жұмыс жасайды.
Бүгін аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының өкілдері Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы №18 балалар жасөспірімдер спорт мектебінің ағымдағы жөндеу жұмыстарына мониторинг жасады. Мердігер мекеме «Данияр 97» ЖШС. Ағымдағы жөндеу жұмыстарының аяқталу уақыты 25.11.2023 ж. Нысанның қазіргі таңда шатырын жабу жұмыстары жасалуда. Аудандық филиалдың партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Әділбек Сербайұлы жасалып жатқан жөндеу жұмыстарына қатысты бірқатар ескертулер айтып, ағымдағы жөндеу жұмыстарының сапалы орындалуы партия бақылауында болатынын жеткізді.
Бұдан соң комиссия құрамы тұрғындар тарапынан түскен ауданымыздағы барлық автогаз құю бекеттерінде газ көлемінің лимит арқылы беріліп жатқаны туралы өтінішіне сәйкес бірқатар газ құю бекеттерін аралады.Қазіргі таңда аудан бойынша газ құю бекеттерінде газ мөлшерінің аз болуына байланысты лимитпен босату жағдайы орын алып отырғанын және оның басты себебі, Ақшабұлақ мұнай-газ кен орнында жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты болып отырғаны анықталды. Лимит арқылы газ босату мәселесі ай соңына шешімін табатын болады. Аталған мәселелер бойынша газ бағасын өсіру туындамайтынын, газ бағасының тұрақты екенін анықтадық және тұрғындардан бағасын өсіру мәселесіне қатысты алаңдауға негіз жоқ екенін білдік.
Айта кетейік, мониторинг жұмысына комиссия мүшелері, аудандық мәслихаттың депутаттары Ерболат Мұхаш, Нұркен Ботабаев, филиал сарапшысы Алтынай Кенжалиева және жауапты сала мамандары қатысты.
#AMANAT
#КПК
#РРКАМАNАТ
18 қазан 2023 ж. 252 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 104

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 101

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 100

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 91

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930