Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әділетті Қазақстанда еңбек адамы бірінші орында

Әділетті Қазақстанда еңбек адамы бірінші орында

Бүгін «Жастар Рухы» ЖҚ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Еңбек адамына – лайықты өмір» тақырыбында аудан жастарымен кездесу өтті. Жиынға партия филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық мәслихат депутаты Нұрғиса Жалғасбаев қатысты.
Басқосуда филиал Атқарушы хатшысы жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде атап өтілетін Еңбек күнінің мән-маңызына тоқталды.
- Еңбек күні алғаш рет 2013 жылы тойлана бастады. Бұл мереке еліміздің әл-ауқаты мен өркендеуін қамтамасыз ететін еңбекке деген құрметті білдіреді. Және нағыз еңбектің қадірін білетін, оның нәтижесін мақтан тұтатындардың басын біріктіреді. Әділетті Қазақстанда Еңбек адамы бірінші орында. Табысқа жетудің жалғыз жолы – өз ісінің шебері болу және көп жұмыс істеу. Сондықтан елдің болашағы мен ертеңі жастар, яғни сіздер болғандықтан еңбек адамдарымен бұрын қалыптасқан қағидаларды сақтап, өз салаларыңызды алға жетелеу бойынша жұмыстың жаңа жағдайларын қалыптастыру керексіздер, - деді Нұрғиса Жаппарбергенұлы.
Сондай-ақ жиында партияның «Жастарға жұмыс», «Еңбек адамы» партиялық жобаларының жүзеге асу барысы жөнінде сөз болып, жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

#AMANAT
22 қыркүйек 2023 ж. 348 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 26

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 26

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 28

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 29

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031