Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы жолдаудың теміржолшылар үшін маңызы зор

Биылғы жолдаудың теміржолшылар үшін маңызы зор

Бүгін Қазалы пайдалану вагон депосында қазалылық теміржолшылардың бас қосуымен ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы талқыланды.
Жиынды ашқан аудандық мәслихат депутаты, «Қазалы ВЧД-6 жол бойы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Арғын Орымбаев кезекті Президент Жолдауы қоғамның маңызды мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар кешені екенін атап өтті.
– Биылғы Жолдаудың теміржолшылар қауымы үшін, жалпы көлік қызметкерлері үшін маңызы зор. Себебі еліміз бойынша Президенттің пәрменімен Көлік министрлігі қайта құрылып, жұмысын бастады. Осы сынды аса өзекті мәселелер кезек күттірмей орындауды талап етеді. Оның ішінде Мемлекет басшысының еліміздің логистикалық әлеуетін арттыру жайындағы бастамалары да біздің басты назарымызда болып отыр. Алдағы уақытта еліміз бойынша жаңа темір жолдарын салу сынды жауапты да күрделі міндет тұр, – деді Арғын Қайрбайұлы.
Өз кезегінде жиынға қатысқан партия мүшелері ел Президентінің Жолдауындағы жарқын тұстарды сөз етіп, ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істерді қолдауға әркез дайын екендіктерін білдірді.
#AMANAT
#Жолдау2023
19 қыркүйек 2023 ж. 350 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 155

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031