Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тау биіктігіндей қасиетті

Тау биіктігіндей қасиетті

Ұстаз! Осы бір қарымы мол сөздің өзінде қаншама теңіздің тереңдігіндей мән-мағына, таудың биіктігіндей қасиетті ұғым жатыр.
Заманының дүбірлі аламанында тауқұдірет құсындай ұлы ұстаз алдынан өтпейтін ешбір жұмыр басты пенде жоқ. Даланың кіршіксіз аспанындай пәк жүрексіз жаздың жайдары күніндей жарқыраған өмір болмаса, әлемнің төрткіл дүниесін мойындатқан мұғалімсіз күн сәулесіндей сөнбейтін білімнің, тасқа қашалып жазылған таңбадай өшпейтін тәрбиенің іске аспайтыны бесенеден белгілі. Небір ғылым мен білімнің сайыпқыраны атанған данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер, тіпті, болашаққа құлаш сермеп, арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол – ұстаз!

Жаңа ғасырға аяқ басып отырған заманымызда қоғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, басында ұлттық сана-сезім қалыптасқан ертеңгі қоғам иелері боларлық азамат тәрбиелеп өсіруде, ең алдымен, «мектептің жүрегі» болған ұстаздар қауымының еңбегі зор. Сол себепті, ұстаз мамандығы ғажабы мол ғаламда, әсемдігі мол әлемде қанша жыл, тіпті, ғасыр өтсе де, ешқашан ескірмейді.

Менің сүйікті ұстаздарымның санына шек жетпейді. Алайда, көңілі пәк, ойы нәзік шәкірттерінің жүрек нұрынан өз жемісінің өнімін көруге асыққан бағбан әрі бала жанына ақыл дәнін сепкен ұстаздардың бірі де бірегейі – Жеткерген Гүлдана Бектібайқызы. Бүгінде отты сөзі алмас қылыштай жарқылдаған ұстаз биология пәні саласының ерен жүйрігі, сырлы сөз зергері, мектебіміздің мақтанышына айналып отыр. Ақ мақтадай кіршіксіз жүрегін, қазақтың сайын сахарасындай қайратын, тау суындай шетсіз-шексіз ақылын тек көңілі дархан еліне, аяулы шәкірттеріне арнады. Әрдайым өзін-өзі қамшылау, білімдіден үйрену, білгеніңді үйрету, сол арқылы қоғамды алға сүйреу – Гүлдана мұғалімнің тағы бір айрықша қасиеті. «Тас қияға өрлеген» ұстаздың сол қасиетінің арқасында талай шәкірттері небір республикалық, халықаралық білім додаларында таудың ұшар басындай биіктерден көрінді.Соның бірі Әбдібай Азамат Серікұлы еді ол барлық республикалық облыстық байқауларда ұстазымыздың арқасында жүлделі орындар иеленді. Бұл – Гүлдана ұстаздың көп жылғы қажырлы еңбегінің нәтижесі, жемісі әрі жеңісі.
Жеткерген Гүлдана Бектібайқызы– отбасында аяулы жар, асыл балаларына жылулық шуағын төгетін мейірімді ана, ұрпақ тәрбиесінде үлкен үлгі-өнеге көрсетіп жүрген ардақты ана, мен сияқты сан мыңдаған шәкірттерді білім нәрімен сусындатып жүрген тәжірибесі мол ұстаз, сонымен қатар биология пәнінің жанашыры.
Мен – Гүлдана мұғалімге сенім артатын оқушыларының бірімін. Осыдан байқағаным, менің жанымда ол кісідей үлгі тұтар адамым бар. Мен жоғарыда айтылып кеткен ұстазымның асыл қасиеттерін өзімнің де бойымнан табылғанын қалаймын. Мен ұстазым сияқты алға қойған мақсатыма жеткім келеді. Ал менің мақсатым – туған елімнің шарықтап-көріктеуіне өзімнің бір тамшыдай болсын үлесімді қосу, Абай айтпақшы, осы дүниеге кірпіш болып қалану. Сондықтан да «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, мен біздің алтын ұямызда Гүлдана ұстаздай ұлы мұғалімдердің болғанын мақтан тұтамын.Гүлдана Бектібайқызының нұрлы бейнесі, әрбір салиқалы сөзі, раушан реңі, жан үйірген жұпары, сырғалы ойы, қызғалдақ сезімі, мол бедерлі есімі мәңгі жарқырап сөнбейтін нұрлы сәуледей жүрегімде мәңгі сақтала береді.
Әбдібай АЗАМАТ,
№170 мектептің 9 "В" сынып оқушысы
15 қыркүйек 2023 ж. 315 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 38

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 34

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 38

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930