Дәрігерлер электромагниттің адам денсаулығына әсерін айтып, ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті электромагнит өрістердің әсері туралы мәлімет берді. Олардың айтуынша, адам үнемі қоныстану аумақтарында, өндірістік жағдайларда, тұрғын, әкімшілік, кеңселік үй-жайларда, білім беру және емдеу-профилактикалық мекемелерде электромагниттік өрістің әсеріне ұшырайды.
Электромагнит толқындарының адам ағзасына мынадай зияны бар:
- орталық жүйке жүйесінің бұзылуына;
- жүрек-қан тамырлары жүйесінің бұзылуына;
- қанның морфологиялық құрамының бұзылуына әкеп соғады.
ЭМӨ қауіпті әсерін болдырмау үшін қандай электр құрылғыларын қолданбау керек және үйде оларды қалай, қайда қоямыз?
- электр құрылғыларын бір жерде топтастырмау, оларды бір-бірінің ЭМӨ-сін күшейтпейтіндей етіп орналастыру;
- электр құрылғыларын асхана, жұмыс үстелі, ұйықтау және демалыс орындарына жақын қоймау;
- балалар бөлмесін ЭМӨ-ге мұқият тексеру, бөлмеде радиомен басқарылатын немесе электрлі ойыншықтардың, планшеттің, смартфонның, ноутбуктың тұрақты түрде болуына жол бермеу;
- электр құрылғылардың бәрін бір уақытта емес, кезекпен қосу: ұялы телефон, компьютер, ӨЖЖ-пеш, теледидар түрлі уақытта қосылуға тиіс;
- 10 метр радиуста тұрақты магнит өрісін құратын радиотелефон базасын жатын бөлмеден және жұмыс үстелінен оқшаулау.
Мамандар осындай алдын алу шараларын жасап, денсаулықты сақтауға болады деп ескертті.