Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазнетте "ұрлыққа қарсы дабыл жүйесінің қатерлі ісік тудыратыны" туралы видео талқыланып жатыр

Қазнетте "ұрлыққа қарсы дабыл жүйесінің қатерлі ісік тудыратыны" туралы видео талқыланып жатыр

Қазақстандық желі қолданушылары дүкендер есігінде орнатылған ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін екенін дәлелдеуге тырысқан ер адамның видеосы талқылап жатыр, - деп хабарлайды StopFake.kz.

Видео авторы дүкен есігіндегі ұрлыққа қарсы дабыл жүйесі жақтауына белгісіз құрылғыны жақындатып өлшеу жүргізеді. Ер адам камераға өлшеу нәтижелерін көрсетіп, көрсеткіштің "мыңға жеткенін" мәлімдейді. Оның айтуынша, бұл қауіпті ауруларды тудыруы мүмкін.
Видеода қолданылған құрылғы - электромагнит сәулеленуін анықтайтын ЭМС BR-9A ықшам өлшегіш құралы.
"Оны қытайлық интернет-дүкендерден 19 еуроға сатып алуға болады. Өндірушінің айтуынша, құрылғы қуаттың спектрлік тығыздығын, электр және магнит өрістері қуатын өлшей алады. Құрылғы көрсеткіштері дәлдігіне кепілдік және оны калибрлеу туралы еш жерде айтылмаған. Кейбір сатып алушылар пікіріне сүйенсек, құрылғы көрсеткіштері дәл емес", - деп жазады Stopfake.
Басылымның мәліметіне сүйенсек, видеода көрсетілген электромагнит өрісін өлшеу әдісі дұрыс емес. Адам немесе басқа тірі ағзаларға әсері туралы нақты қорытынды жасау үшін бірнеше орында өлшеу жүргізу қажет. Мысалы, дүкен туралы айтсақ, қызметкерлердің жұмыс орны, сауда залы және қойма.
"Видеода өлшеу құралы жақтауға тығыз басылып өлшенгенін көруге болады. Дегенмен, құрылғы көрсеткіші рұқсат етілген нормадан асқан жоқ. Ол жиілікке байланысты сигнал қуатының таралуын сипаттайтын функция (жиіліктің бір интервалына келетін қуат). Мұндай көрсеткішті өлшеу құралының объектіге барынша жақын ұсталғанымен түсіндіруге болады", - деп жазылған порталда.
Адамдар үшін магнит өрісінің әсер ету нормасы 40 мТ шегінде белгіленген. Видеодағы құрылғы 33,655 мТ көрсетті, бұл максималды рұқсат етілген мәннен аспайды.
"Электромагниттік сәулелену иондаушы емес, яғни "радиация" термині оған қолданылмайды. Видеода пайдаланылған құрылғы көрсеткіштері дәлдігін растау мүмкін емес. Осыны ескерсек, көрсеткіштер адамға қауіп төндірмейді".
18 ақпан 2021 ж. 2 719 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031