Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді талап етті

Тоқаев балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны күшейтуді талап етті

Президенттің айтуынша, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе
Қазақстанда балаларға жасалған зорлық-зомбылыққа қатысты жаза қатаңдатылады. Бұл туралы президент ел халқына Жолдауында мәлімдеді.
"Мен мемлекет басшысы ретінде кәмелетке толмағандарға жасалған зорлық-зомбылықтың кез келген түріне қатысты жазаны күшейтуді талап етемін. Жол, ғимарат, киім-кешек, азық-түлік, яғни барлығы балалар үшін қауіпсіз болуы керек", - деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.
Сондай-ақ, оның айтуынша, өскелең ұрпақтың психикалық саулығы – өте маңызды мәселе.
"Білім беру мекемелеріндегі психологиялық қолдау қызметін институционалды түрде күшейту қажет. Бірыңғай сенім телефонын ұйымдастырған жөн. Зорлық-зомбылыққа және қысымға, яғни буллингке тап болғандарға көмек көрсетуге арналған бағдарлама әзірлеу керек", - деді мемлекет басшысы.
01 қыркүйек 2023 ж. 164 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 34

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930