Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда Өтебас биге арналып ас берілді

Қазалыда Өтебас биге арналып ас берілді

Қазақ тарихында ұланғайыр даланың ұлтарақтай жерін жау уысына түсірмей, сөз құдіретін біліп, ерлік істерімен ел есінде қалған би-шешендер мен батырлар жетерлік. Солардың бірі - Әйтеке бидің бел баласы Өтебас би.
Бүгін Өтебас бидің ұрпақтары Абай ауылының Құланбай елді мекенінде жиылып, баба рухына арнап ас берді.
Тағылымы мол шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен аудан әкімінің кеңесшісі Бақытжан Жарылқап және Арал, Қазалы аудандарының құрметті азаматы Нәжмәдин Мұсабаев сөз алып, руханиятқа толы шараны ұйымдастыруға атсалысқан барша жандарға жылы лебізін жеткізді.
Сонымен қатар, тарихи-танымдық шара барысында балуандар бозкілемде белдесіп, қол күрес, қой және гір көтеру, арқан тартыс сынды ұлттық ойындардан сайыстар ұйымдастырылды. Мұнан соң, асқа жиылған жұртшылық Құланбай төбеде жиылып, ат бәйгесін де тамашалады.
Баба есімін ұлықтауға арналған шара соңында ат бәйгесінің шабандоздары мен спорттық сайыстардың жеңімпаздары аудан әкімінің арнайы дипломдарымен марпатталып, қаржылай сыйлықтарға да ие болды.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат
31 тамыз 2023 ж. 437 0

Ұрпағы ұлықтаған Самұрат би

31 желтоқсан 2025 ж. 155

Кәсіпкерлікке қолдау кең

31 желтоқсан 2025 ж. 168

Шаттық сыйлаған шырша тойы

31 желтоқсан 2025 ж. 181

Аудан әкімі ауылдарды аралады

31 желтоқсан 2025 ж. 167

Аудан әкімінің құттықтауы

31 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031