Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлыларды ұлықтау ұрпаққа парыз

Ұлыларды ұлықтау ұрпаққа парыз

Бүгін Қазалыда Ақназар қожа мен Кедей бидің ұрпақтары бабаларына арнап ас беріп, тағзым жасады.
Алдымен Майлыбас бекетінде Кедей биге арналып салынған ескерткіш кесене салтанатты түрде ашылды.
Ескерткіштің ашылу салтанатына Кедей би Жәнібекұлының еліміздегі және көршілес Қырғызстан, Өзбестаннан келген ұрпақтары қатысты. Мұнан кейінгі шаралар Қашақбай Пірімов атындағы ауылда жалғасты.

Ауыл ішіне Ақназар қожа мен Кедей бидің құрметіне 30-ға жуық киіз үйлер тігіліп, арнайы сахна тігілді.
Бабаларды ұлықтау мақсатында ұйымдастырылған шарада аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, мемлекет және қоғам қайраткері, Қызылорда облысы мен Қазалы ауданының құрметті азаматы Самұрат Имандосов сөз сөйлеп, мұндай шараның өскелең ұрпақ үшін беретін пайда мол екенін атап өтті.


Мерекелік шарада туған жердің өсіп-өркендеуі мен елдің ауызбіргілігін сақтауға елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар аудан әкімінің "Алғыс хатымен" марапатталды.
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында өткен шарада қазақтың көрнекті билерінің бірі Кедей би Жәнібекұлы мен Ақназар Мағзаманұлының тарихи келбеті мен рөліне арналған "Тұлға. Тарих. Тағылым" тақырыбында ғылыми-танымдық конференция, жыраулар сайысы мен спорттық жарыстар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, Сыр сүлейлерінің жалғасы, үш дүркін "Алтын домбыраның" иегері Мұхтар Ниязов, Рүстем Қайыртай сынды белгілі ақындар қатысқан республикалық ақындар айтысы өтті.

Республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін Мұхтар Ниязов жеңіп алып, 1 млн теңге қаржылай сыйлыққа ие болды. Ашық аспан астында өткен сөз сайысының жүлделі орындарын Рүстем Қайыртай, Аруна Керімбек және Бексұлтан Орынбасаров өзара бөлісті.
Ақназар қожа мен Кедей би бабаларға арналған шаралар бүгінмен аяқталмайды.
Ертең Қ.Пірімов ауылында ат жарысы өткізіледі.
#Қазалы
22 мамыр 2022 ж. 484 0

Мәдени мұра

18 сәуір 2024 ж. 78

Жанға жайлы демалыс

18 сәуір 2024 ж. 80

Қалдықсыз болашақ

18 сәуір 2024 ж. 64

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930