Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Қытаймен визасыз режим құжаттарын толық рәсімдеді

Қазақстан Қытаймен визасыз режим құжаттарын толық рәсімдеді

Енді қытай тарапы визасыз режимнің күшіне енуі үшін мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы хабардар етуі тиіс.
Қазақстан ҚР мен ҚХР арасындағы визасыз режимнің күшіне енуі үшін барлық қажетті рәсімдерді аяқтады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.
"Қазір қазақстандық тарап барлық мемлекетішілік рәсімдерді аяқтап, келісімді ҚР Үкіметінің 26 шілдедегі қаулысымен бекітті, сондай-ақ 28 шілдеде біз ҚХР СІМ-не хабарлама жібердік. Енді біз Қытай тарапынан мемлекетішілік рәсімдердің аяқталғаны туралы тиісті хабарлама күтеміз", – деді Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.
Өзара визасыз режимнің күшіне енуі туралы ақпарат СІМ-нің ресми сайтында орналастырылады, деп қосты ол.
Құжаттың жобасы бойынша Келісім белгісіз мерзімге жасалады және уағдаласушы тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
07 тамыз 2023 ж. 265 0

Биіктей бер, бас қала!

05 шілде 2025 ж. 176

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031