Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары
Бірде-бір мемлекет сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоя алмады, бірақ бұл жағымсыз құбылыспен күреспеу, оны қолдаумен бірдей. Сондықтан, ол қоғам назарынан тыс қалмауы керек. Қарапайым тілмен айтқанда, сыбайлас жемқорлық дегеніміз- бұл өз лауазымын жеке басының мүддесі үшін пайдалану.
Ол әр түрлі формада көрінеді: парақорлық, жымқыру, алаяқтық және т.б. Еліміздің тұнғыш президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында, сыбайлас жемқорлықты жеңу – еліміздің басты бағыттарының бірі екенін айтып кеткен. Себебі ол мемлекеттің саяси және әлеуметтік институттарына кері әсерін тигізіп, елдің дамуына кедергі келтіреді. Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресу керек? Бұл үшін барлық адамдардың көмегі қажет. Өйткені, оның дамуына пара алушылар ғана емес, пара берушілер де әсер етеді. Көптеген адамдар ақша ұсыну арқылы өз істерін тез шешуді жөн көреді. Сондықтан ең алдымен, өзіңізден бастауыңыз керек. Лауазымды тұлға сізден пара талап еткен жағдайда – бұл туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлау қажет. Мәселені шешу үшін кешенді шаралар қажет – сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазаны күшейту, азаматтық қоғамды белсенді ету және бұқаралық ақпарат құралдарының ықпалын көтеру. Осы құбылысқа қарсы күресте басқа елдердің тәжірибесін пайдалану керек. Олардың бағдарламаларын біздің мемлекетімізде қолдану. Бұл қазіргі заманның ауруы, оны емдеу үшін мемлекеттік органдар тарапынан да, ел азаматтары тарапынан да орасан күш жұмсау қажет. Сыбайлас жемқорлықпен күресудің басты бағыттарының бірі - оның алдын алу болып табылады. Оны тек бірлесіп қана жеңе аламыз.
Осы бағытта «Текелі қалалық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ-де елеулі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, бүгінде 8 72835 4-21-83 сенім телефоны жұмыс істейді, қолжетімді орында ұсыныстар мен шағымдарға арналған жәшік орналастырылған. Азаматтардың сенімділігін арттыру, халықпен ашық сөйлесу мақсатында басқарма басшысы әр аптаның сәрсенбі күндері сағат 1000-ден 1200-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Бұл шара жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қанағаттандыра отырып, халықтың басқармаға деген сенімін арттыруға бағытталған.
Ж.К.Мусабеков,
Басқарма басшысы;
Р.А. Искандарова,
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау, мемлекеттік қызмет көрсету және
цифрландыру бөлімінің басшысы